Агроөнеркәсіптік объектілерді электрмен жабдықтаудың гибридті жүйелері



Техника және технологиялар бакалавры


Бейіндік пәндер: математика + физика


Оқыту тілі: қазақ, орыс

Оқу бағдарламасының мақсаттары : 0


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

- ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету; - агроөнеркәсіп кешендеріндегі энергия үнемдеу


Кәсіби қызмет саласы Ауыл шаруашылығының кәсіпорындарына және тұрғындарына электр энергиясын өндіруге, жеткізуге, таратуға және тұтынуға жағдай жасауға бағытталған, адамзат қызметінің технологиялары, құралдары, әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын қамтитын ғылым және техника саласыболып табылады


Кәсіби қызмет объектілері
- қалалардың үй-коммуналдық кешеніндегі және ауылдық шаруашылықтардағы энергияны өндіру, жеткізу, тарату, тұтыну және үнемдеу бойынша кәсіпорындар; - қосалқы станциялар, тарату тораптары және олардың релелік қорғанысы және автоматикасы; - агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік кәсіпорындарын электрмен және жылумен жабдықтау; - алыс жерде орналасқан тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету; - ауыл шаруашылығында электр-технологиялық қондырғыларды пайдалану


Кәсіби қызмет пәндері
- электр жүйелері, қосалқы станциялар және тораптар; - ауылдық жерлердегі кәсіпорындарды және елді мекендерді электрмен, жылумен және газбен жабдықтау; - ауыл шаруашылығы өндірісін электрлендіру және автоматтандыру; - энергияны үнемдеу және жаңғыртылатын энергия көздері; - электр механикасы; - технологиялық қондырғылар және жүйелер; - жарықтандыру және сәулелендіру жүйелері; - электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру


Кәсіби қызмет міндеті

- агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындарының және елді мекендердің қондырғыларын және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау;

- технологиялық жабдықтарды және электр энергиямен, жылумен және газбен жабдықтауды жеткізу және тарату жүйелерін монтаждау, баптау, пайдалану және жөндеу;

- энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінің және технологиялық жабдықтардың жұмыс режимдерін ұйымдастыру, бақылау, қадағалау және басқару;

- эксперименттік зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар өткізу: қондырғыларда және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінде жылу-масса алмасу, электр механикалық, электрондық, физика-химиялық және басқа да процестер.


Материалдық-техникалық база

- электр машиналарын оқу-зерттеу зертханалары;

- төмен және орташа кернеулі электр аппараттарының зертханалары;

- институттың салалық зертханаларының тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғылары;

- электр жабдықтарын басты өндірушілердің релелік қорғаныстық цифрлық терминалдары;

- арнайы бағдарламалық қамтамасыз етілген компьютерлік-теледидарлық аудиториялар мен компьютерлік зертханалық сыныптар;

- кернеуі 1000 В дейінгі және одан жоғары АВВ, Таврида Электрик, Schneiderelektrik, Moeller, Siemens фирмаларының коммутациялық жабдығы.


Жұмысқа орналасу нұсқалары :

- электр энергиясын өзінің қызметінде пайдаланатын кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарда;

- энергия өндіруші кәсіпорындарда, басқарушы және сервистік компанияларда, аймақтық электр энергетикалық тораптық компанияларда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, мұнай-газ өндіруші және мұнай өңдейтін компанияларда, жобалау институттарында.

- әртүрлі бөлімдерде және әртүрлі лауазымдарда сервистік, пайдаланушылық, ұйымдық-басқарушылық, монтаждық-жөндеу және жобалық қызметпен айналысады.

Біздің түлектер Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмысқа орналасады:

- «Самұрық-Энерго» АҚ;

- "KEGOC" АҚ;

- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;

- «АлЭC»  АҚ;

-«Alageum Electric» компаниясы;

- «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ;

- «Алматы электр механикалық  зауыты» ЖШС;

- «Казэлектр монтаж» АҚ;

- «Алматы электр транс» ЖШС;

- «Шнейдер Электрик» ЖШС;

- «Siemens» ЖШС;

- «АВВ» компаниясы;

- Аймақтық ауылшаруашылық энергетикалық кәсіпорндар және т. б.