Ғарыштық техника және технологиялар



Түлекке «6В07111- Ғарыштық техника және технологиялар мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі


Бейіндік пәндер: физика+математика


Оқыту тілі: қазақ,орыс,ағылшын

Оқу бағдарламасының мақсаттары : 0


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

Әуе кемелерін басқару жүйелері, ғарыштық байланыс және навигациялық жүйелер, ғарыштық робототехника


Кәсіби қызмет саласы Ғарыш техникасы мен технологиясының кәсіби қызмет саласы: - эксперименттік, теориялық және қолданбалы астрономия мен космофизика саласы, сондай-ақ сабақтас жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласы; - білім беру саласы, оның ішінде орта оқу орындарында физика мен астрономияны оқытудың педагогикасы, теориясы мен әдістемесі саласы.


Кәсіби қызмет объектілері
Ғарыш техникасы мен технологиясының кәсіби қызметінің объектілері: - ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, конструкторлық және жобалау бюролары мен фирмалары; - мемлекеттік білім беру ұйымдары және білім беру кәсіпорындары, сондай-ақ мемлекеттік емес білім беру ұйымдары; - өндірістік кәсіпорындар мен бірлестіктер.


Кәсіби қызмет пәндері
Ғарыш техникасы мен технологиясының кәсіби қызметінің мәні: - астрономиялық және космофизикалық құбылыстар, процестер мен объектілер (қозғалыс, физикалық құрылым; табиғи және жасанды шыққан аспан денелерінің, сондай-ақ осы денелер жүйелерінің тұтастай ғаламға дейінгі дамуы; ғарыш кеңістігін оның кез келген жай-күйінде толтыратын материя; авиациялық-ғарыштық техника; астрономияда, космофизикада және космонавтикада пайдаланылатын бұйымдар, материалдар, аспаптар, механизмдер мен жабдықтар және т. б.); ғарыштық технологиялар, оның ішінде ғарыштық байланыс; - ғылыми-техникалық әдебиет (мақалалар, монографиялар, баяндамалар, есептер, нұсқаулықтар және т. б.), оның ішінде шет тілдерінде; - өндірістік-басқару және жобалау-конструкторлық құжаттама; - білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік құжаттары; - білім беру ұйымдарының субъектілері.


Кәсіби қызмет міндеті

- қойылған мәселелерге ғылыми зерттеу жүргізу, ғылыми зерттеулер барысында туындайтын жаңа міндеттерді тұжырымдау ;
- білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру;
- зерттеу, өндірістік және педагогикалық қызметті жоспарлауды, ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыру;
-өндірістік-технологиялық процестің жағдайын әзірлеу, жүзеге асыру және бақылау.


Материалдық-техникалық база


Жұмысқа орналасу нұсқалары :

ҚР ҚАӨМ АҒК (Қазғарыш), «Казақтелеком» – Қазақстан ұлттық байланыс операторы және басқа байланыс оперлаторы, ««Қазақстан Ғарыш Сапары»Ұлттық компаниясы» АҚ, Фесенков ат. Астрофизика институты, Ғарыштық техника және технология институты, «ҰҒЗТО» АҚ.