«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры
Бейіндік пәндер: математика және физика
Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын
Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:
- басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және ақпараттандыру; - отын-энергетика кешеніндегі автоматтакндыру және басқару
Кәсіби қызмет саласы «Автоматтандыру және басқару» IT мамандықтарына жатады. Сонымен қатар, бұл қазіргі заманғы технологиялар туралы білім берумен қоса әртүрлі бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеу мен дағдыларын алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні адам іс-әрекетінің кез-келген саласы автоматтандыру және басқару жүйелерінсіз мүмкін емес. «Отын-энергетикалық кешеніндегі автоматтандыру және басқару» оқу траекториясы техникаға бейім адамдарға арналған. Сонымен бірге, білім беру бағдарламасы оқу аяқталғаннан кейін алған білімі мен дағдылары тек энергетика, мұнай-газ, металлургия салаларында ғана емес, сонымен қатар өндіріс процестерін автоматтандыруды және бақылауды қажет ететін кез-келген салада сәтті жұмыс істеуге мүмкіндік беретін етіп жасалған. «Басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» траекториясы бағдарламалауға бейімділігі бар адамдарға арналған. Сонымен қатар, бағдарламалауға байланысты пәндерді оқумен қатар студенттер компьютерлік техникамен, өлшеу құралдарымен, мәліметтерді жинау және тарату құрылғыларымен және әр түрлі автоматтандыру құралдарымен жұмыс жасауда білім мен дағдыларға ие болады.
Кәсіби қызмет объектілері
Түлектер тек біздің республикада ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шет елдерде де табысты жұмыс істейді. Қазақстанда біздің түлектеріміз келесі жерлерде сұранысқа ие:
- автоматтандырылған және роботты процестерді қолданатын отандық және шетелдік компаниялардағы әртүрлі бөлімдерде және әр түрлі лауазымдарда (басқаруды қоса);
- мемлекеттік мекемелерде - министрліктерде, аймақтық және басқа ведомстволарда, күш құрылымдарында (Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, салық және қаржы полициясы) және басқа құрылымдарда;
- әртүрлі деңгейдегі банктерде және басқа қаржы институттарында;
- отын-энергетикалық кешен, байланыс, машина жасау және өнеркәсіп өндірісінің басқа салаларында.
Кәсіби қызмет пәндері
Автоматика элементтері мен құрылғылары; Метрология, стандарттау, сертификаттау және сапа менеджменті; Техникалық өлшеу құралдары; Програмалау технологиясы; Сызықтық және сызықты емес автоматты басқару жүйелері; Автоматты басқару жүйелерін есептеу және зерттеу; Басқару объектілерін модельдеу және идентификациялау; Ақпарат жинау және беру негіздері; Басқару жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік; Автоматтандыру жүйелеріне арналған програмалық қамтамасыздандыру; Деректер базасын жобалау; Жүйелік бағдарламалау; Есептеу желілері мен жүйелері; Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық жүйелер; Автоматтандыру жүйелерін жобалау; Scada-жүйелерін құру негіздері. Автоматтандыру жүйелерінің диагностикасы және сенімділігі.
Кәсіби қызмет міндеті
- өндірістің әр түрлі салаларында автоматтандыру жүйелерін құру, монтаждау, іске қосу және пайдалану;
- заманауи компьютерлік және микропроцессорлық техниканы, өлшеу құралдарын, орындаушы механизмдерді және басқа автоматика құралдарын пайдалану;
- жетекші әлемдік өндіруші компаниялардың бағдарламалық жасақтаманы кәсіби қолдану және өндіріске ең жаңа компьютерлік технологияларды енгізу.
- өндірістегі технологиялық процестерді автоматтандыру үшін де, әртүрлі бизнес-процестерді, банк операцияларын, бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін және т.б. бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.
- адам қызметінің әртүрлі салаларына арналған автоматика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бағдарламалық өнімдерімен жұмыс жасау.
Материалдық-техникалық база
Оқу бағдарламалары автоматика және басқару кафедрасының базасында жүзеге асырылады, оған 8 оқу зертханасы кіреді:
- Микропроцессорлық басқару жүйелері;
- Мәліметтерді жинау және өңдеу жүйелері;
- Басқару жүйелерін жобалау және зерттеу;
- Басқару объектілері мен Scada-жүйесін модельдеу;
- Автоматтандырудың техникалық құралдары;
- Автоматтандыру жүйелеріндегі ақпараттық технологиялар;
- Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері;
- Автоматтандыру жүйелеріндегі өндірістік контроллерлер;
Материалдық-техникалық база:
I. Техникалық жабдықтар. «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының оқу зертханалары әлемдік өндірушілердің заманауи автоматика қондырғыларымен және Интернетке қосылған компьютерлермен жабдықталған. Оқу процесінде өнеркәсіптік автоматика нарығындағы көшбасшылардың - Siemens, Schneider Electric, ABB, Honeywell, B&R, Aries, Fisher-Rosermount, өндірістік контроллерлері мен өлшеу-бақылау аспаптары мен National Instruments (АҚШ) жабдықтары негізінде мәліметтер жинау құралдары зерттеледі.
II. Бағдарламалық жасақтама. Оқу процесінде өнеркәсіптік автоматика саласындағы барлық мәселелерді шешуге қажет бағдарламалық қамтамасыздандыру белсенді қолданылады. Бұл ақпаратты жинауға және өңдеуге арналған заманауи бағдарламалық өнімдер; мәліметтер базасын құру; автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеу, модельдеу, зерттеу; Scada-жүйелер мен Mes-жүйелерді құру.
III. Автоматтандыру саласындағы әлемдік өндірушілермен ынтымақтастық. Мысалы, оқу процесін сапалы жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін Schneider Electric қазіргі уақытта бүкіл әлемде өндіріске енгізіліп жатқан автоматика құралдарымен жабдықталған 12 оқу стендін ұсынды. «Tornado Modular Systems» ресейлік компаниясы (Новосибирск) оқу зертханасын әр түрлі өндірістік қондырғылармен жабдықталған аппаратты-бағдарламалық кешендермен жабдықтады: конвейері бар штамптауға арналған пресс, 3-өлшемді манипулятор, екі өңдеу станциялары бар конвейер, вакуумдық ұстау құрылғысы бар манипулятор, автоматты есігі бар жылыту пеші, пневматикалық жетегі бар өндіріс желісі және басқалар.
Жұмысқа орналасу нұсқалары :
«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша оқыған Ғ.Дәукеев атындағы АЭжИ түлектері жұмыс істейтін компаниялар:
- Қазақстандық және шетелдік компаниялар - Siemens, Schneider Electric, ABB, Honeywell, «Овен», «Эйр Астана», «Сайман» корпорациясы, «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Филип Моррис АҚ Қазақстан» және басқалары;
- өнеркәсіптік алыптар – «Қазақмыс»; «Қазхром»; «Қазмырыш» АҚ «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп»,
- мұнай-газ секторы - «Теңізшевройл»; «Karachaganak Petroleum Operating»; «ҚазМұнайГаз»; «Қазтрансгаз»; «Ақтөбемұнайгаз»; Атырау, Павлодар және Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттары;
- банк секторы – «Халық Банкі», «Kaspi Bank», «Банк ЦентрКредит»;
- энергетикалық кешен - «KEGOC» АҚ (Қазақстанның электр желілерін басқару компаниясы); «Алматы электр станциялары» АҚ; «Атырау-Жарық» АҚ; жылу электр станциялары; «Самұрық-Энерго» АҚ; «Казэлектромонтаж» АҚ