Электр энергетикалық жүйелер



Техника және технология бакалавры


Бейіндік пәндер: математика + физика


Оқыту тілі: қазақ, орыс және ағылшын


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

- электр станциялары; - электр желілері мен жүйелері; - релелік қорғаныс және апатқа қарсы автоматика.


Кәсіби қызмет саласы Кәсіби қызмет саласы электр энергиясын өндіру, жеткізу және тарату бойынша күрделі техникалық немесе практикалық міндеттерді шешу болып табылады.


Кәсіби қызмет объектілері
Бітірушілердің кәсіби қызметінің нысандары: - ірі облыстық және қалалық электр станцияларында электр энергиясын өндіру; - электр энергиясын алыс қашықтыққа жеткізу (мемлекетаралық және өңіраралық электр энергетикалық компаниялар және олардың бөлімшелері); и - облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде электр энергиясын тарату (облыстық, қалалық және аудандық электр тарату компаниялары).


Кәсіби қызмет пәндері
Электр жабдықтары мен электр қондырғыларын жобалау, монтаждау, баптау, пайдалану және жөндеу: - жылу, атом, гидравликалық, газтурбиналық және газ-піспекті электр станциялары мен жаңартылатын энергия көздері; - өңіраралық, облыстық және қалалық электр тораптары мен жүйелері; - электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы және аварияға қарсы автоматикасы; - электр энергетикалық жүйелерді диспетчерлендіру.


Кәсіби қызмет міндеті

- электр станциялары мен қосалқы станциялар, электр тораптары мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы мен апатқа қарсы автоматикасы, электр оқшаулау және шоғырсым техникасы, электр технологиялық қондырғылар мен жүйелер бойынша жобаларды әзірлеуді;

- электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы мен апатқа қарсы автоматикасын, станциялардың, қосалқы станциялар мен электр тораптардың электр жабдықтарын монтаждау және баптау жүргізуді;

- электр станциялары мен электр тораптардың электр жабдықтарын және релелік қорғау және апатқа қарсы автоматика жүйелерін дұрыс пайдалану, қызмет көрсету және жөндеуді;

- қалалық, облыстық және республикалық электр тораптары мен жүйелерін диспетчерлендіруді.


Материалдық-техникалық база

-электр станциялары, электр желілері және электр энергетикалық жүйелердегі релелік қорғаныс және аварияға қарсы автоматика, Жоғары кернеу техникасы және электр техникалық материалдар бойынша оқу-зерттеу зертханалары;;

- жоғары вольтты жабдықтарды сынау үшін кернеуі 1000 кВ дейін TUR (Германия) фирмасының оқу-зертханалық стендтер кешені және электр жабдықтарын оқшаулау жағдайын бағалаудың қазіргі заманғы аспаптары;

- - Siemens фирмаларының цифрлық релелік қорғанысы және коммутациялық жабдығы; АВВ, ЭКРА, Schneider Electric және Таврида Электрик;

- компьютерлік-телевизиялық аудиториялар және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуі бар компьютерлік зертханалық сыныптар.  


Жұмысқа орналасу нұсқалары :

- «Самұрық-Энерго» АҚ Ұлттық компаниясы;

- «KEGOC» АҚ Ұлттық компаниясы";

-  Алматы энерго тарату компаниясы АҚ «Алатау Жарық Компаниясы»;

- Алматы электр станциялары (ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3, Мойнақ ГЭС және т. б.);

- Ірі облыстық және қалалық электр станциялары (қалалар: Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Ақтау,Орал және т. б.);

- Өңірлік электр тарату компаниялары (Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары);

- ҚазОЭЖҒЗЖІИ "Энергия" АҚ, Казсельэнергопроект АҚ және бірқатар жеке жобалау компанияларында.