Жаңартылатын энергетиканың заманауи және инновациялық технологиялары



Техника және технология бакалавры


Бейіндік пәндер: математика + физика


Оқыту тілі: қазақ, орыс және ағылшын


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

- ЖЭК нысандарын жобалау; - ЖЭК объектілерін пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.


Кәсіби қызмет саласы Кәсіптік қызмет саласы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектілерін жобалауға, баптауға, ретке келтіруге және пайдалануға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер жиынтығын қамтитын ғылым мен техника саласы болып табылады: - жаңартылатын көздерге негізделген энергетикалық кәсіпорындар; - жаңартылатын энергия көздерін өндіру объектілері және оларды релелік қорғау және автоматтандыру; - өндірістік кәсіпорындар мен елді мекендерді жаңартылатын энергия көздерімен энергиямен жабдықтау; - алыс жерде орналасқан тұтынушыларды жаңартылатын энергиямен қамтамасыз ету.


Кәсіби қызмет объектілері
Бітірушілердің кәсіби қызмет көрсету нысандары келесілер болып табылады: - жаңартылатын және балама көздерге негізделген энергетикалық кәсіпорындар; - жаңартылатын энергия өндірісінің нысандары және оларды релелік қорғауы және автоматикасы; - өнеркәсіптік кәсіпорындар мен елді мекендерді жаңартылатын энергия көздері арқылы электрмен және жылумен қамтамасыз ету; - алыс жерде орналасқан тұтынушыларды жаңартылатын энергиямен қамтамасыз ету


Кәсіби қызмет пәндері
ЖЭК-ке кіріспе Шағын гидроэнергетика және су ресурстары Күн энергиясының түрлендіргіштері Жел энергетикасы және жел электр қондырғылары Жаңғыртылатын энергия көздері ресурстарын кешенді бағалау ЖЭК пайдалана отырып энергиямен жабдықтау жүйелерін жобалау Релелік қорғаныс және ЖЭК автоматтандыру жүйелері ЖЭК объектілерінің жабдықтарын монтаждау және баптау Жаңартылатын энергия көздерінің электр жабдықтарын диагностикалау, жөндеу және пайдалану


Кәсіби қызмет міндеті

- таза энергияны пайдалану, оңтайландыру және өндіру мақсатында жасыл энергетикамен байланысты таза энергетикалық технологияларды қолдану және біріктіру.

- жаңартылатын энергия көздері, ЖЭК электр станциялары, оларды релелік қорғау және басқару жүйелерін автоматтандыру жөніндегі жобаларды әзірлеу;

- ЖЭК электр станцияларына техникалық-экономикалық және экологиялық талдау жүргізу;

- ЖЭК электр станцияларына техникалық-экономикалық және экологиялық талдау жүргізу.


Материалдық-техникалық база

- "Жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу" оқу-зерттеу зертханасы, жел электр қондырғылары бойынша заманауи зертханалық стендтері бар, желіде және автономды режимде, күн фотоэлектрлік жүйелерде жұмыс істейді.

-электр машиналары бойынша оқу-зерттеу зертханалары; электр станциялары, электр желілері мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғау, электрмен жабдықтау, электр аппараттары, түрлендіру техникасы, Электр техникалық материалдар бойынша;

- төмен және орташа кернеулі электр аппараттарының зертханалары;

- институттың салалық зертханаларының тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғылары;

- Siemens, АВВ, ЭКРА, Schneider electrik электр жабдықтарын жетекші өндірушілердің сандық релелік қорғаныс терминалдары;

- АВВ, Таврида Электрик, Schneider elektrik, Moeller, Siemens, ІЕК фирмаларында 1000 В дейін және одан жоғары коммутациялық жабдықтар;

- компьютерлік теледидар аудиториялары және арнайы Power Factory DigSILENT, CHVlaboratory, PS CAD, RastrWIN, MatCad, MatLab және басқа бағдарламалық жасақтамасы 


Жұмысқа орналасу нұсқалары :

Біздің бітірушілер Қазақстанның төменде көрсетілген ірі өндірістік кәсіпорындарында әртүрлі лауазымда қызмет етуде:

- «Самұрық-Энерго» АҚ;

- "KEGOC" АҚ;

- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;

- «АлЭТ»  АҚ;

-  «Alageum Electric» компаниясы;

- «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ;

- «Алматы электр механикалық  зауыты» ЖШС;

- «Казэлектр монтаж» АҚ;

- «Алматы электр транс» ЖШС;

 - «Шнейдер Электрик» ЖШС;

- «Siemens» ЖШС;

- «АВВ» компаниясы;

-  Аймақтық энергетикалық кәсіпорындар және т.б. 

- Капшагай Күн ЭС,

- Ерейментау Жел ЭС