Автоматтандырылған электромеханикалық жүйелер



6B07124 «Автоматтандырылған электромеханикалық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры


Бейіндік пәндер: математика + физика


Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Оқу бағдарламасының мақсаттары : Энергияны үнемдейтін автоматтандырылған электр механикалық жүйелерді жобалау және пайдалану және оларды технологиялық процестерді автоматтандыруда қолдану саласында бәсекеге қабілетті құзыреттері бар жоғары білікті мамандарды дайындау


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

- Энергия тиімді электр машиналары және электр жетегінің жүйелері; - Электржетек құралдарымен өндірістік процестерді автоматтандыру;


Кәсіби қызмет саласы Кәсіптік қызмет саласы электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдай жасауға бағытталған адам қызметінің технологиялары, құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын қамтитын ғылым мен техника саласы болып табылады


Кәсіби қызмет объектілері
Бітірушілердің кәсіби қызмет көрсету нысандары ретінде электр энергиясын өндіретін, беретін, тартатын және тұтынатын кәсіпорындар болып табылады


Кәсіби қызмет пәндері
- автоматтандырылған электромеханикалық жүйелер құрамында пайдаланылатын электр машиналары, трансформаторлар, энергия түрлендіргіштер, басқару жүйелерінің сандық элементтері; - атқарушы механизмдердің әртүрлі түрлеріне бейімделген мамандандырылған автоматтандырылған электромеханикалық жүйелер; - өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы (металлургия, тау-кен өндіру, байыту және мұнай-газ секторы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі), энергетикадағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарындағы электр жабдықтары және технологиялық үдерістерін автоматтандыру жүйелері; - электромеханикалық түрлендіргіштерді және технологиялық үдерістерді басқарудың сандық жүйелері.


Кәсіби қызмет міндеті

- технологиялық үдерістердің кең спектрі үшін автоматтандырылған электромеханикалық жүйелерді жобалау, пайдалану, жаңғырту

- өндірістік үдерістерді автоматтандыру, олардың өнімділігі мен үнемділігін автоматтандырылған электр жетегі арқылы  арттыру

- энергия тұтынуды талдау, электр жабдықтарының энергия тиімділігін арттыру әдістерін және жалпы технологиялық үдерістерді әзірлеу және іске асыру;


Материалдық-техникалық база

-  Электр машиналары, түрлендіру техникасы, электр жетегі бойынша оқу-зерттеу зетрханалары;

- Автоматты басқару жүйелерін модельдеу;

- Электромеханикалық энергия түрлендіргіштер;

- Автоматтандырылған электр жетегі;

- Микропроцессорлық құралдар мен жүйелер;

 - Электр техникасындағы күштік және жартылай өткізгіштік техникасы.


Жұмысқа орналасу нұсқалары :

- өз қызметінде электр энергиясын пайдаланатын кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарда;

- энергия өндіруші кәсіпорындарда, басқару және қызмет көрсету, аймақтық электр энергетикалық, мұнай, газ өндіретін және мұнай өңдейтін компанияларда, жобалау институттарында;

- қызмет көрсету, қондырғыларды орнату, жөндеу-реттеу және жобалау жұмыстарымен  айналыса отыра кәсіпорындардың әртүрлі бөлімдерінде және әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеуге болады.

- «Самұрық-Энерго» АҚ;

- «KEGOC» АҚ;

- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;

- «АлЭТ» АҚ;

- «Alageum Electric» компаниясы;

«Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ;

- «Алматы электр механикалық зауыты» ЖШС;

«Казэлектр монтаж» АҚ;

- «Алматы электротранс» ЖШС;

- «Шнейдер Электрик» ЖШС;

- «Siemens» ЖШС;

- «АВВ» компаниясы және т.б.

ENERGO UNIVERSITY