Электр энергетикадағы энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін Smart технологиялармен басқару және интеграциялау



Техника және технологиялар бакалавры


Бейіндік пәндер: математика + физика + ақпаратты-коммутациялы технологиялар


Оқыту тілі: қазақ, орыс


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

- инфроқұрылымдық нысандарды электрмен жабдықтау және энергия үнемдеу; - электр станциялары және қосалқы станциялары; - электр энергетикалық жүйелерінің релелік қорғанысы мен автоматикасы; - электрмен жабдықтау


Кәсіби қызмет саласы Кәсіби қызмет ету саласы қызмет көрсетудің технологиялар мен құралдардың жиынтығынан құралған электр энергияны өндіру тарату және жеткізу, тұтыну шарттарын жасауға бағытталған, техника мен ғылым саласы болып табылады.


Кәсіби қызмет объектілері
Бітірушілердің кәсіби қызмет көрсету нысандары электр энергиясын өндіретін, тарататын және тұтынатын кәсіпорындар болып табылады


Кәсіби қызмет пәндері
- таратылған энергетика; - интеллектуалды энергия жүйесіндегі энергия үнемдеу және энергия тиімділік; - Smart Grid элементтерімен электр жабдықтаудың энергия үнемдеу жүйелерін жобалау; - электр станциялары; - электр энергетикалық жүйелерінің релелік қорғанысы мен автоматизациясы; - қайта жаңартылатын және дәстүрлі емес энергия көздері; - электр механика; - жарық техникасы және жарық көздері; - технологиялық кешендердің электр жетегі мен автоматизациясы


Кәсіби қызмет міндеті

- Электр станциялары мен қосалқы станциялар, электр тораптары және жүйелері, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы және автоматикасы, кәсіпорынды электрмен жабдықтау,  қайта жаңғыртылатын және дәстүрден тыс энергия көздері, электр механика, электр оқшауланған және кабельдік техника, электр технологиялық қондырғылар мен жүйелер, жарық техникасы және жарық көздері, технологиялық кешеннің электр жетегі және автоматизациясы бойынша жобаларды өңдеуге;

- Smart Grid элементтерімен электр жабдықтаудың энергия үнемдеу жүйелерін жобалауға;

- микрогенерациялық жүйелерді, энергетикалық орталарды «ақылды тораптар» моделдеуімен жобалауға;  

- шаруашылық және басқа да қызметтегі кәсіпорындарға сараптама және энергетикалық аудит жүргізуге;

- электр тораптарына техника-экономикалық және экологиялық талдау жүргізуге.  

- электр энергетикадағы  SCADA жүйесін құру негіздері.


Материалдық-техникалық база

-  электр материалдары, электр машиналары, электр аппараттары, электрмен жабдықтау, түрлендіру техникасы, электр станциялары, электр желілері мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы бойынша оқу-зерттеу зетрханалары;

- жоғарғы кернеулі қондырғыларды сынақтан өткізуге арналаған  "TUR"  (Германия) фирмасының оқу-зертханалық  стендтік кешені және жоғарғы кернеулі электр қондырғылардың жағдайын бағалайтын қазіргі заманғы құралдар;

- релелік қорғаныстың зауыттық бағанасы; Siemens; АВВ, ЭКРА, Schneider elektrik РЗАСИСТЕМС фирмаларының сандық релелік қорғанысы;

-  компьютерлік-телевизиялық аудиториялар  және арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютерлік зертханалық  класстар;

- АВВ, Таврида Электрик, Schneider elektrik, Moeller, Siemens, IEK фирмаларының кернеуі 1000 В-қа дейін және одан жоғары коммутациялық қондырғылары;

 - электромонтер жұмысшы  мамандығын оқытуға арналған монтаждық шеберханалары


Біздің түлектер Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмысқа орналасады:

- өз қызметінде электр энергиясын пайдаланатын кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарда;

- энергия өндіруші кәсіпорындарда, басқару және қызмет көрсету компанияларда, аймақтық энергетикалық компанияларда, мұнай газ өндіретін және мұнай өңдейтін компанияларда, жобалау институттарында;

- қызмет көрсету, қондырғыларды орнату, жөндеу-реттеу және жобалау жұмыстарымен  айналыса отыра кәсіпорындардың әртүрлі бөлімдерінде және әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеуге болады.

Біздің бітірушілер Қазақстанның төменде көрсетілген ірі өндірістік кәсіпорындарында әртүрлі лауазымда қызмет етуде:

- «Самұрық-Энерго» АҚ;

- "KEGOC" АҚ;

- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;

- «АлЭТ»  АҚ;

-  «Alageum Electric» компаниясы;

- «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ;

- «Алматы электр механикалық  зауыты» ЖШС;

- «Казэлектр монтаж» АҚ;

- «Алматы электр транс» ЖШС;

- «Шнейдер Электрик» ЖШС;

- «Siemens» ЖШС;

- «АВВ» компаниясы;

-  Аймақтық энергетикалық кәсіпорындар және т.б. лар;

- РЗАСИСТЕМС  компаниясы.