09.04.2020 Все объявления
AUES студентіне арналған ақпарат!
Емтихан сессиясын өткізу формасына, уақытына, ұйымдастыруға және қойылған бағаларға қатысты барлық ақпарат АЭжБУ ПЛАТОНУС жүйесінің LMS бар: http://edu2.aues.kz. Жалпы ақпарат және басқа да жаңалықтар жүйенің басты бетінде орналастырылады, әрбір пән бойынша ақпаратты (өткізу формасы және емтиханға арналған тиісті нұсқаулықтар) оқытушы тікелей пән бетінде жариялайды. Егер сіздің нақты пән бойынша емтихандарға қатысты сұрақтарыңыз болса, сізге оқытушыларға корпоративтік пошта арқылы хабарласу қажет. Маңызды ақпаратты жіберіп алмау үшін біздің ресми сайтқа www.aues.kz жиі кіруді ұсынамыз.
Емтихан сессиясы кезінде студент әр пән бойынша апелляцияға құқылы. Ол үшін емтихан нәтижелері жария етілгеннен немесе баға Платонуста қойылғаннан кейін 3 күн ішінде студент апелляцияға өтініш беруге құқылы. Егер емтихан тестілеу түрінде өткен болса, онда апелляция тікелей Платонуста беріледі. Емтихан басқа ақпараттық жүйеде өткізілген жағдайда студент апелляцияға өтінішті корпоративтік пошта арқылы директордың атына береді (ЭЭЭТИ ieeiet@aues.kz, БЖАТИisuit@aues.kz, ҒИТКИiset@aues.kz, ЖЭЖТИ iteitt@aues.kz). Өтініште студент өзінің аты-жөнін, тобын, пәнін, емтихан алушы оқытушының аты-жөнін көрсетеді және негіздеме арқылы апелляция себебін көрсетеді. Институт директораты өтінішті апелляциялық комиссия төрағасына береді (апелляциялық комиссия құрамы АЭжБУ бойынша бұйрықпен тағайындалған). Апелляциялық комиссия апелляция жүргізіп, хаттама жасайды (ол Тіркеу офисіне жіберіледі) және өзінің шешімі туралы студентке корпоративтік пошта арқылы апелляция өткізілгеннен кейін үш күн ішінде хабарлайды. Тіркеу офисі апелляция нәтижесін Платонус жүйесі арқылы жүргізеді.
Кез келген сұрақтар бойынша өз эдвайзеріңізге немесе тиісті институттың электрондық поштасына электронды-жазбаша түрде хабарласуыңызды сұраймыз.