Осы жылдың сәуір айында Қазақстан энергетикасының флагманы - Екібастұз МАЭС-1-ге тура 40 жыл толды.


14.04.2020 Все объявления


Осы жылдың сәуір айында Қазақстан энергетикасының флагманы - Екібастұз МАЭС-1-ге тура 40 жыл толды. 1980 жылдың 15 сәуірінде КСРО Энергетика және электрлендіру министрлігі станцияның бірінші турбогенераторы мен қазан агрегатын пайдалануға қабылдау актісіне қол қойды. Екібастұз Мемлекеттік аудандық Электр станция-1 Орал мен Батыс Сібір тұтынушыларын электрмен жабдықтау үшін белгіленген қуаты 20000 МВт болатын 5 электр станциясынан тұратын Екібастұз отын-энергетикалық кешенін құру бойынша бұрынғы КСРО жобасының бір бөлігі ретінде салынды. Алайда, тек екі электр станциясының құрылысы аяқталды: ЭМАЭС-1 және ЭМАЭС-2. Қазіргі таңда «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1»ЖШС -  Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) қажеттілігін жабатын еліміздегі ең ірі жылу электр станциясы. Ол ұлттық маңызы бар станциялар тізіміне кіреді және Республиканың барлық электр тұтынуының шамамен 20% жабуы мүмкін. 100% қатысу үлесі бар МАЭС-1 иесі ірі отандық электр энергетикалық холдингі «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады.

ENERGO UNIVERSITY