Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры "Smart Zholy" бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдауды жалғастыруда


28.04.2020 Все объявления


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры "Smart Zholy" бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдауды жалғастыруда.

"Smart Zholy" - бұл қазақстандық стартаптар мен талантты бағдарламашылар үшін ірі әлемдік корпорациялармен әріптестікте сандық жобаларды құру және Азияның үлкен нарығына шығу мүмкіндігі.

 Биылғы жылы COVID-19 пандемиясы жағдайында "Smart Zholy" бағдарламасы қашықтықтан өтеді. Қатысушылардың алдына қойылған басым міндеттердің бірі COVID-19-дың таралуын шектеуге мүмкіндік беретін өзекті сандық шешімдер жасау болып табылады. Бағдарлама аясында сингапурлық ірі мемлекеттік агенттіктер осы міндеттерді шешуде қазақстандық ІТ-командаларға жетекшілік қолдау көрсетеді.

"Smart Zholy" бағдарламасына қатысуға өтінімдерді еліміздің кез келген өңірінің стартаптары бере алады, алғашқы кезеңнің нәтижелері бойынша 15 финалист-команда іріктеледі. Бұл командалар сингапурлық мамандардың жетекшілігімен 8 апталық қашықтықтан оқыту бағдарламасын өтеді. Командалар алдағы уақытта қолдау көрсету үшін 5 жеңімпаз жобаны іріктейтін ірі азиялық корпорацияларға өз жобаларын ұсынады.⠀

Бағдарламаға қатысу үшін өтініш формасын толтырып, smartzholy@fpp.kz электрондық поштасына жіберу қажет. ⠀

Өтінімдер 2020 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады. Бағдарлама туралы ақпарат және өтінім формасы  www.fpp.kz веб-сайтында  жарияланған. 

Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша.+ 7701 773 5665; +7 7172 708 306 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, сұрақтарды a.mamlyutova@fpp.kz эл.  поштасына  жіберуге болады.

#SmartZholy # стартаптар #Цифрлыжобалар #IT # ТұңғышПрезидентҚоры #fpp_kz

ENERGO UNIVERSITY