15.05.2020 Все объявления
Кету қағазының электрондық қол қоюға көшуіне байланысты студенттер оқу әдебиетін пошта арқылы университет мекенжайына жіберу керек (фото жолданғаннан кейін сәлемдеменің трек-нөмірін бітіртуші кафедра меңгерушілерінің немесе институт директорының электронды пошталарына жіберсін).
Оқу әдебиеті жоғалған жағдайда банк арқылы университет реквизиттеріне айыппұл төлесін және төлемді растау үшін түбіртектің көшірмесін call-center@aues.kz поштасына жіберсін;
Келесі айыппұлдар белгіленсін:
АЭжБУ-да шығарылған оқу-әдістемелік материалдарды жоғалтқаны үшін әр басылымның толық құнын өтеу (бағасы басылымның соңғы бетінде көрсетілген);
басқа баспалардың 1-200 беттік әр оқулығының оқу әдебиеттерін жоғалтқаны үшін - айыппұл 3000 теңге;
басқа баспалардың 201 және одан көп беттік әр оқулығының оқу әдебиеттерін жоғалтқаны үшін - айыппұл 5000 тг;
шет тіліндегі оқу әдебиетін жоғалтқаны үшін басылымның толық құнын өтеу;