12.06.2020 Все объявления
«Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕ АҚ Әскери істер институтында (әскери кафедрада) 2020 жылдың 10 маусымынан бастап запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқуға іріктеу конкурсына қатысу үшін басқа ЖОО студенттерінен ақылы негізге өтініштерді қабылдау басталады.
Өтініштер Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жасы 24-тен аспаған, күндізгі оқу бөлімінде оқитын 1- курс (4 жылдық оқытумен) және 2- курс (5 жылдық оқытумен) студенттерінен және колледжді бітіргеннен кейін ЖОО-ның екінші курсына түскен студенттерден қабылданады.
Мекенжайы: Алматы қ., Байтұрсынұлы к-сі, 140 (Тимирязев көшесінің қиылысы).
Сұрақтар бойынша мына байланыс телефондарына хабарласыңыз: +7-(727)-292-24-27, 292-00-87.
Өтініштерді қабылдау мерзімі 2020 жылдың 10 маусымынан басталады
Өзімен бірге:
1. Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
2. Тіркеу куәлігі немесе әскери билеті (түпнұсқасы және көшірмесі);
3. 3х4 өлшемді 2 (екі) фотосуреті;
4. Сотталғанының бар болуы немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
5. Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болған жағдайда);
6. Факультет деканы қол қойған студенттің ЖОО-да нақты оқитындығы туралы анықтама.