04.09.2020 Все объявления
COVID – 19 пандемиясынан туындаған карантин жағдайында және 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекция қатеріне байланысты алдын алу шаралары аясында
1.Оқу үдерісі:
дәрістер, семинарлық, тәжірибелік (есептер шығару) сабақтар, АКТ бағыты бойынша (арнайы аппаратураны қажет етпейтін) көпшілік зертханалық жұмыстар және соған ұқсас виртуалды зертханалық жұмыстар – қашықтықтан оқыту форматында;
кафедралардың зертханаларындағы стендтермен және жабдықтармен өткізілетін зертханалық жұмыстар, өндірістік тәжірибелердің барлық түрлері – аралас оқыту форматында (жеке, жылжымалы кесте бойынша, және ауданы 36 шаршы м стандартты зертханада 4 студенттен артық емес) ұйымдастырылады.
2.Білім беру үдерісі онлайн-курстарды және қашықтықтан білім беру технологиялары мен құралдарын (негізгілер – біртіндеп өз әзірлемелерімізге алмастыру шартымен LMS-ПЛАТОНУС, Microsoft Teams, корпоративтік электронды пошта, қосалқы – мессенджерлер, вебинарлар жүйелері, чаттар, подкасттар және т.б.) пайдалана отырып жүзеге асырылады.
3.Барлық білім берушілер үшін келесідей мақсаттарда қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастыру-бағыт беру апталықтары (ҰБА) жүргізіледі:
- бейімделу және академиялық саясатпен, білім беру мен бағалау саясатымен таныстыру;
- логин мен парольдер алу, жүйеде тіркелу;
- білім беру қызметтерін алу үшін шарттар жасау;
- эдвайзермен танысу;
- тіркелу/жазылу және ЖОЖ құру.
4.Білім беру қызметі профилактикалық және санитарлық- эпидемиологиялық режимді (бұдан әрі – СЭР) қамтамасыз ету шараларын міндетті қадағалау арқылы ұйымдастырылады.
5.Барлық қызметкерлер мен білім алушылар үшін СЭР қамтамасыз ету регламентін орындау бойынша нұсқама жүргізіледі.
6.Барлық қызметкерлер мен білім алушылардан СЭР қамтамасыз ету регламентін қадағалау талап етіледі.
7.Барлық ақпарат оқу орнының ресми сайтында aues.edu.kz және ресми инстаграм-парақшасында @ aues_university орналастырылады.
8.Сабақтар кестесі aues.arhit.kz/rasp сайтында орналастырылған.