09.09.2020 Все объявления
2021 оқу жылында «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ-да оқуға арналған қосымша бейін (Майнор).
Қосымша бейін (МАЙНОР) — бұл АЭжБУ бакалавриатының білім беру бағдарламалары шеңберіндегі оқу кезеңі, ол негізгі білім беру бағыты бойынша дайындықтан тыс білім алушылар үшін қосымша білім беру траекториясын ұсынады. Ол ББ вариативті бөлігіне жатады және білім алушылардың бірқатар пәндерді таңдауы ретінде жүзеге асырылады (не бір-бірімен байланысты, не байланысты емес-соңғы жағдайда бұл Еркін майнор).
Майнор - бұл өзара байланысты төрт пәннің блогы (бейінді немесе бейінді емес).
Мысалы, болашақ энергетик оқу үшін «Экономика» майнорын таңдап, экономика бойынша қосымша білім ала алады, ал болашақ Бағдарламалық қамтамасыз ету бакалавры оқу үшін «Психология» немесе «Менеджмент» майнорларын таңдап, психология немесе менеджмент бойынша қосымша білім, дағды мен құзырет ала алады.
Майнорлар бакалавриаттың бірінші курсының соңында барлық студенттерге таңдау үшін ұсынылады. Студент оқу үшін майнорды таңдай алады.
Майнор бакалавриаттың екінші және үшінші курстарында меңгеріледі.
Майнордың ерекшелігі:
- бакалавриаттың екінші және үшінші курстарында меңгерілуі;
- бірізді оқытылатын төрт пәннен тұруы;
- «салмағы» 20 кредит (әр пәннің салмағы 5 кредит);
- Білім беру бағдарламасының негізгі бөлігіне кіруі немесе кірмеуі мүмкін (майнор пәндері үшін кредиттер негізгі бағдарламаның 240 кредитіне кіруі мүмкін, сондай-ақ 240 кредитке қосымша болуы мүмкін);
- әр білім беру бағдарламасының студенті өз бетінше таңдау жасай алуы;
- майнор пәндері оқу процесімен бір мезгілде (кестеде оларға нақты уақыт, сабақ күні (мысалы сенбі, кешкі уақыт) беріледі немесе жазғы қосымша семестр кезеңінде өткізіледі.
2020-2021 оқу жылындағы майнорлар тізімі.
Майнор 1. "Huawei заманауи технологиялары»
Майнор шеңберінде оқытылатын пәндер
1.Huawei желілік технологияларын зерттеу. (Routing & Switching) 3-семестр
2.Қауіпсіз желілерді құру. Huawei технологиялары. 4-семестр
3.Huawei деректерді сақтау жүйесін құру принциптері. 5-семестр
4.Huawei деректерді сақтау жүйелері. (Storage.) 6-семестр
Курсты аяқтау бойынша сертификаттау
Екі пәннің курсын аяқтағаннан кейін («Routing&Switching» және «Қауіпсіз желілерді құру») Huawei студентке 200$ тұратын ваучерді ұсына отырып, сертификаттау емтиханын тегін тапсыруға мүмкіндік береді.
«Huawei деректерді сақтау жүйелерін құру принциптері» және «Huawei деректерді сақтау жүйелері» пәндерінен өту нәтижелері бойынша Huawei студентке 200$ тұратын ваучерді ұсына отырып, сертификаттық емтиханды тегін тапсыруға мүмкіндік береді.
Халықаралық үлгідегі сертификатты Huawei компаниясы дұрыс жауаптарды 60% - дан және одан жоғары жинаған кезде береді және әлемнің кез келген елінде желілік жабдықтармен және деректерді сақтау жүйелерімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін маманның біліктілігін растайды. Сертификат болған жағдайда, Huawei компаниясы түлектерді лайықты жалақысы бар жұмысқа орналастырады.
Қосымша бейін туралы ереже (минор)