Lights!Camera!Action! Қазақ тіліндегі Видеоблоггинг Курсы!


14.09.2020 Все объявления


Lights!Camera!Action!

Қазақ тіліндегі Видеоблоггинг Курсы!

American Space Almaty "Chevron" комнаниясының қолдауымен қазақ тіліндегі Видеоблоггинг Курсына іріктеу жариялайды.

Бір айлық тегін курс барысында сіздер:
- мобилография;
- видео & фотоға түсіру мен өңдеу;
- Instagram/YouTube парақшаларын жүргізу;
- Adobe Premiere Pro бағдарламасын қолдануды;
- Бас қа қосымшаларды қолдану;
- Кешкі түсірілім ерекшеліктерін уйрену;
- Видеоблоггинг саласындағы білікті маман, Рамазаннан @raameezy, тәлім алу мен арнайы жұлдызды қонақпен кездесу мүмкіншігіне ие боласыздар.

Оқыту процесі теориялық сабақтардан бөлек практикалық жаттығуларды да қамтитын болады.

Егер де сіз өз влогыңызды бастуға немесе бизнесіңізді блогинг арқылы дамытуға асықсаңыз, курсқа жазылыңыз! Орындар шектеулі.

Курс жайлы ақпарат:
Ұзақтылығы: 1 ай (1.10.2020-1.11.2020);
Форматы: онлайн & офлайн;
Офлайн өткен жағдайда Алматы қаласында, SmArt.Point ғимаратындағы America Space Almaty кеңсесінде өтетін болады.
Өтетін күндер/уақыты: Аптасына 2 рет (Бейсенбі 18:30 және Жексенбі 15:30);
Курс соңында барлық студенттер алынған дағдыларды қолдана отырып, финалдық жұмыстарын көрсетулері керек. Ең мықты 3 студент видеоблогерларға арналған сыйлықтарға ие болады! Барлық студенттер арнайы тіккізілген свитшоттарды иеленеді.

Талаптар:
Қазақша влог бастауға/дамытуға ынта болу;
Смартфонның болуы;
10 сабақты жіремеу;
Жас: 14+

Курсқа жазылу үшін сілтеме арқылы өтіп, сұрақтарға жауап беріңіз.
Іріктеуден өткен 15 адаммен пошта арқылы 18 қыркүйекте байланысамыз.

Тіркелуге сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe11V91CMHsK654YwGPtnDxWgfHkrGY7sih4otiGe72l4Yfug/viewform

#AmeicanSpaceAlmaty #ChevronKazakhstan #ВидеоБлогингКурсы