«АЭжБУ» коммерциялық емес АҚ 2020/2021 оқу жылына «АЭжБУ» коммерциялық емес АҚ Тұңғыш ректоры Ғ.Ж. Даукеев атындағы атаулы білім гранты мен атаулы шәкіртақысын тағайындау туралы конкурс жариялайды.


21.09.2020 Все объявления


«АЭжБУ» коммерциялық емес АҚ 2020/2021 оқу жылына «АЭжБУ» коммерциялық емес АҚ Тұңғыш ректоры Ғ.Ж. Даукеев атындағы атаулы білім гранты мен атаулы шәкіртақысын тағайындау туралы конкурс жариялайды.

Өткізілетін конкурс туралы ережемен сайтта танысуға болады.

Конкурсқа қатысқысы келетін студенттер электронды пошта арқылы өз институтының директорына келесі құжаттарды жіберуі керек:

– тобы, байланыс үшін ұялы телефон нөмірі және e-mail көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші, ұсынылған құжаттар тізімі;

– өтінішпен бірге студенттік топ эдвайзері берген мінездеме;

АЭжБУ оқу кезеңіндегі жетістіктерін растайтын құжаттар, әлеуметтік мәртебесі.

Өтініштер 2020 жылғы 27 қыркүйек сағат 24:00 дейін қабылданады