Қазақтың ұлы ақыны, философы, Хакім Абайдың 175 жылдығына орай тіл білімдері кафедрасы «Адамзаттың бәрін сүй ...» тақырыбына 1 курс студенттерінің онкүндік декадасын өткізу шарасының жоспары:


23.09.2020 Все объявления


ҚҰРМЕТТІ  1-КУРС СТУДЕНТТЕРІ!

Қазақтың ұлы ақыны, философы, Хакім Абайдың 175 жылдығына орай  Тіл білімдері кафедрасы «Адамзаттың бәрін сүй...» тақырыбына 1-курс студенттерінің онкүндік декадасын өткізу шарасының жоспары:

1. «Өлең-сөздің патшасы» мәнерлеп оқу сайысы.

Абай Құнанбаевтың шығармаларын қазақ, орыс, ағылшын және т.б. тілдерде онлайн режімінде және бейнежазба форматында мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу.

Қатысуға өтінімді сіздің тобыңызда қазақ, орыс, ағылшын пәндерін жүргізетін тіл білімдері кафедрасының оқытушыларына беруге болады.

Жұмысты қабылдау мерзімі – 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.

2. «Абайдың сөз өрнегі» атты каллиграфия сайысы.

Ұлы ақынның шығармаларынан (өлеңдері, поэмалары, аудармалары, қарасөздері) үзінділерді үш тілде көркем жазу.

Жұмыстар жазбаша түрде А4 форматында қабылданады. Жұмыстың скриншоттарын (сканерін) u.daishkaliyeva@aues.kz поштасына жіберу.

Жұмысты қабылдау мерзімі – 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.

3. «Жүрегімнің түбіне терең бойла»викторина сайысы.

Викторина сұрақтары Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына, оның кинематографтағы бейнесіне, сонымен қатар Ұлы ақынға орнатылған ескерткіш, кескіндеме, мүсін, музыка, әдебиетке арналады. Абай шығармаларын әлемнің басқа тілдеріне аудару туралы сұрақтар қойылады.

Өтетін күні-онлайн режімінде 2020 жылдың 5 қазаны.

 Іс – шара барысында мәнерлеп оқу сайысы мен каллиграфия сайысының қорытындысы шығарылады.

 Іс - шара уақыты мен сілтеме туралы ақпарат кейінірек беріледі.