Құрметті бірінші курс студенттері! Сіздерді қазақтың ұлы ақыны және философы Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған, «Адамзаттың бәрін сүй...» атты тақырыптық декадасын қорытындылауға шақырамыз.


05.10.2020 Все объявления


Құрметті бірінші курс студенттері!

Сіздерді қазақтың ұлы ақыны және философы  Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған, «Адамзаттың бәрін сүй...» атты тақырыптық декадасын қорытындылауға шақырамыз. Мерекелік іс-шара 6 қазан күні, Алматы қаласының уақыты бойынша 16:00 де, Zoom бағдарламасында өткізіледі (идентификаторы 3780184877, құпия сөзі 2020).

Бағдарламада:

 - «Жүрегімнің түбіне терең бойла» онлайн-викторина;

 - «Өлең-сөздің патшасы» мәнерлеп оқу конкурсын қорытындылау,  үздік деп танылған бейнероликтерді қызықтау.

- «Абайдың сөз өрнегі» каллиграфия конкурсын қорытындылау, үздік деп танылған жұмыстарды тамашалау.

Жеңімпаздар университетіміздің грамоталарымен марапатталатын болады.

Іс-шараның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Ұзақтығы – 1,5 сағат.

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті!