2020 жылдың 15 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де "SCOPUS, Web of Science индекстелетін ғылыми журналдарда жарияланар алдында плагиаттың алдын алу және ҚР мен ЕО плагиат туралы заңдар" тақырыбында вебинар өтеді.


06.10.2020 Все объявления


2020 жылдың 15 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де "SCOPUS, Web of Science индекстелетін ғылыми журналдарда жарияланар алдында плагиаттың алдын алу және ҚР мен ЕО плагиат туралы заңдар" тақырыбында вебинар өтеді.

Талқыланатын тақырыптар:

1. COPE дегеніміз не.

2. Ғылыми журналдарда жарияланбас бұрын плагиаттың алдын-алу жолдары, практикалық кеңестер.

3. Плагиатты плагиатқа қарсы жүйемен қалай анықтауға болады.

4. Журналдардың редакциялық саясаты және тәртіптік шаралар туралы.

5. Зияткерлік меншікті қорғау мәселесінде Қазақстан мен ЕО елдерінің заңнамасы.

6. Украинадағы Плагиат: Үкімет пен университеттер қабылдаған шаралар

Вебинарға т.ғ.к., доцент, жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Ұлттық агенттіктің мүшесі (Украина) (НАЗЯВО), халықаралық инженер-педагог Артем Артюхов (ING. PAED. IGIP) қатысады,

Вебинар соңында сұрақтарға жауаптар беріледі.

Іс-шараға 2 жолмен қатысуға болады: Facebook-тегі сілтеме арқылы, сондай-ақ Facebook-тегі іс-шараның мазмұнында сілтемесі көрсетілген Zoom арқылы.

Қатысушылардың саны шектеусіз. Мақсатты аудитория: Ректор, ЖОО проректорлары, ғылыми бөлім басшылары, магистранттар, докторанттар, студенттер. Іс-шара мазмұнында төменде көрсетілген тіркеу формасына сілтеме болады, оны толтырып, қатысу сертификатын алуға болады.

https://docs.google.com/.../1GCto4EHh0oUDWbRH.../edit

ENERGO UNIVERSITY