2 қараша күні сағат 16.20-да Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Абай әлемі" республикалық студенттік онлайн өнер фестивалінің І туры (іріктеу) өткізіледі


30.10.2020 Все объявления


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті студенттері арасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырып отырған, екі кезеңнен тұратын, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалінің  1-кезеңі (іріктеу кезеңі) 2 қараша күні  сағат 16.20-да өтеді.

Фестиваль байқаулары:

• Абай өлеңдері;

• Абайдың қара сөздері;  

• Абай әндері;

• Абай – әлем тілдерінде;

• «Абай әлемі» сурет өнерінде.

«Абай өлеңдері» байқауы.

Байқау барысында үміткер Хәкім Абайдың өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқуы шарт. Үміткердің өнерін бағалауда сахналық мәдениетіне, оқу шеберлігіне және сөз мағынасына мән беруі, ақынның қанша өлеңін жатқа білетіндігі ескеріледі.

«Абайдың қара сөздері» байқауы.

Байқау барысында үміткер Хәкім Абайдың қара сөздерін жатқа мазмұндап, талдап беруі шарт. Үміткердің өнерін бағалауда сөйлеу мәдениеті, қара сөздегі философиялық ой-тұжырымды түсіну деңгейі ескеріледі.

«Абай әндері» байқауы.

Байқау барысында үміткер Хәкім Абайдың әндерін жанды дауыста нақышына келтіріп орындап беруі шарт. Үміткердің өнерін бағалауда орындаушылық шеберлігі, сахналық келбеті ескеріледі.

«Абай – әлем тілдерінде» байқауы.

Байқау барысында үміткер Хәкім Абайдың шығармаларын (өлеңін, қара сөзін, әндерін) қалауы бойынша өзге тілде орындап (мәнерлеп оқып) беруі шарт. Үміткердің өнерін бағалауда орындаушылық шеберлігі, сахналық мәдениеті ескеріледі.

«Абай әлемі» сурет өнерінде» байқауы.

Байқау Хәкім Абайдың шығармашылығы желісі негізіндегі қылқалам шеберлерінің көркемсурет туындылары бойынша жүргізіледі. Байқау барысында үміткер Абай шығармаларының философиялық мазмұнын көркемсурет арқылы жеткізе білу шеберлігі ескеріледі.

Іріктеу кезеңінің материалдары (видео, слайд, фото) 1 қарашаға дейін ұйымдастыру алқасының электронды поштаcына azhievk@mail.ru   жолдануы тиіс (жауапты тұлға: Зәуре Советова  87029242344). Көрсетілген мерзімнен кешіккен құжаттар қарастырылмайды.

Іріктеу жарысы Google Meet платформасында өтеді.

Сілтеме:  meet.google.com/jcz-zhmi-bcd

 

ENERGO UNIVERSITY