«ЖасSTAR» фестивалінің «Поэзия» секциясында сөз өнерін сүйетіндерді, жас жазушылар мен ақындарды қуантатын жаңалықтар бар!


09.11.2020 Все объявления


10 қараша, сейсенбі, сағат 18:00-де қазіргі жазушылар мен ақындардың, публицистердің, әдебиет сыншыларының қатысуымен «Қазақстанға ақын керек пе? Ақынға Қазақстан керек пе?» тақырыбында онлайн-пікірталас болады.

21 қараша, сенбі, сағат 15:00-де «Батылдық» тақырыбында авторлық поэтикалық шығармаларды онлайн-декламация өтеді. Онда Қазақстанның 18 және 45 жас аралығындағы қазіргі заманғы ақын-жазушылары өз шығармаларын оқиды.

Конференция соңында барлық қатысушыларға жеке қатысу сертификаттары табысталады.

Екі шараның да модераторы - «Поэзия» секциясының кураторы Елден Қайратұлы Сарыбай, «Перо» жеке қорының негізін қалаушы, Kazakhstan Literary Society NPIO қатысушысы, ақын, аудармашы және саясаттанушы.

www.jasstar.kz сайтында алдын-ала тіркеліп, бұл іс-шараларды күнтізбеңізге қосып қойыңыз!

Естеріңізге сала кетейік, биыл Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «ЖасSTAR» шығармашыл жастардың халықаралық фестивалін онлайн форматта өткізеді.

ENERGO UNIVERSITY