"Аlem" бағдарламалау мектебі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен бағдарламалау және жасанды интеллект бойынша Қазақстанда алғашқы "Аlem cup"ашық чемпионатын өткізеді.


13.11.2020 Все объявления


"Аlem" бағдарламалау мектебі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен бағдарламалау және жасанды интеллект бойынша Қазақстанда алғашқы "Аlem cup"ашық чемпионатын өткізеді.

Чемпионаттың мақсаты - ел жастарын жоғары технологияларды игеруге ынталандыру, дарынды бағдарламашыларға қолдау көрсету.

Чемпионат "Alem"мектебі жасаған https://Irn.dev. бірегей онлайн платформасында өтеді.

Чемпионат аясында қатысушылар турнирдің басқа бағдарламашыларының боттарымен бәсекеге түсетін өз боттары үшін жасанды интеллект әзірлеуі керек.

Бірінші кезең 16 қарашадан 25 қарашаға дейін жалғасады.

Одан әрі жеңімпаздар 2020 жылдың 26 қарашасына жоспарланған рейтингтік ойындарға қатысады.

"Аlem cup" финалдық ойындары ағымдағы жылдың 6 желтоқсанынан 16 желтоқсанына дейін өткізіледі.

Барлық ойындар онлайн режимде өтеді.

Чемпионатқа жалғыз өзі де, 3 адамға дейін командада да қатысуға болады.

1-орынды жеңіп алған жеңімпаз (команда немесе бір қатысушы) 1 000 000 тг алады.

2-орын үшін жүлде - 400 000 тг қарастырылған.

Ал 3-орын үшін - 200 000 тг.

Айта кетейік, "Аlem" мектебі - бұл жаңа форматтағы бағдарламалау мектебі. Мектеп 01 Edu System еуропалық білім беру платформасымен серіктестікте жұмыс істейді.

"Аlem" мыңдаған қазақстандықты Ақпараттық технологиялар саласындағы ең сұранысқа ие техникалық мамандықтарға тегін оқытуды жоспарлап отыр.

Чемпионатқа қатысу үшін https://cup.alem.school/ сайтына тіркелу қажет.

Туындаған сұрақтар бойынша жоба үйлестірушісіне 8-702-999-6590 нөміріне қоңырау шалу немесе  sk@alem.school мекенжайына Email жазу қажет.