Қазақстанда алғаш рет оқушыларға, студенттерге, педагогтер мен барлық ниет білдірушілерге арналған «Бағдарламалау әркімнің қолынан келеді» атты ашық дәрістер өтеді. Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, іТeacher Academy және ASBIS Қазақстан ұйымдастырды.

20.11.2020 Все объявления

Әрбір қатысушы бағдарламалау негіздері туралы және осы шеберліктің қазіргі әлемде ашатын мүмкіндіктері туралы көптеген пайдалы нәрселерді білудің бірегей мүмкіндігіне ие болады. Біз әртүрлі жастағы және бағдарламалауды меңгеру деңгейіндегі тыңдаушылар үшін онлайн-дәрістер дайындадық:

Дәріс кестесі: 

30 желтоқсан 
14:00 – 14:30 
Білім беру бағдарламасының ашылуы:

14:30 – 15:30 
Кімдерге арналған: ата-аналарға
Тақырыбы: Мектепте және үйде  балаларға арналған бағарламалау
Дәріс оқушы: Алина Слепушкина (Білімі бойынша Apple жаттықтырушысы)

20:00 – 22:00 
Кімдерге арналған: студенттермен мен бастаушы бағдарламашыларға
Тақырыбы: Android-әзірлеуші: алғашқы қадамдардан бастап қосымшаларға дейін
Дәріс оқушы: Данияр Муханов (Halyk Bank-тағы әзірлеуші, Android үшін бизнес-қосымшалар әзірлеушісі)

2 желтоқсан
14:00 – 16:00 
Кімдерге арналған: ЖОО жетекшілері мен оқытушыларына, студенттер мен бастаушы бағдарламашыларға

Тақырыбы: ЖОО-да Swift тіліне оқыту. iOS әзірлеушісінің мамандығы  
Дәріс оқушы: Денис Быструев (iOS әзірлеушісі. swift.ru-дың негізін қалаушы)

3 желтоқсан
14:00 – 16:00
Кімдерге арналған: студенттер мен әртүрлі деңгейдегі бағдарламашыларға  Тақырыбы: Мен не себепті IT-ды таңдадым? Қалай  WWDC қатысушысы атануға болады?  (Apple Worldwide Developers Conference)
Дәріс оқушы: Филипп Захарченко (App Store-дағы қосымшалардың авторы, 4 рет Apple WWDC-тың қатысушысы атанды)

19:00 – 20:00
Кімдерге арналған: мектеп мұғалімдеріне 
Тақырыбы: Мектепте және үйде  балаларға арналған бағарламалау
Дәріс оқушы: Алина Слепушкина (Білімі бойынша Apple жаттықтырушысы)

Іс-шараға тіркеліп, әр спикер мен дәріс бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты www.codeweek.kz  сайтынан білуге болады

Егер Сіз  бағдарламалауды армандап, үйренгіңіз келген болса, немесе осы бағыт туралы көбірек білгіңіз келсе, онда бұл іс-шара сөзсіз Сіз үшін!