08.01.2021 Все объявления
АЭжБУ қашықтықтан оқытуға қойылатын талаптарды ескере отырып, білімі АЭжБУ-да оқытылатын пәндер бейініне сәйкес келетін оқытушылар лауазымдарына конкурс жариялайды
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 050013, Алматы қ., Байтұрсынұлы көш., 126/1, Қызметкерлерді басқару бөлімі, А-232 каб., тел.: +7 727 323 1175 ( ішкі 6111, 6112) 2021 жылғы 01 ақпаннан бастап оқытушы - профессорлар құрамының лауазымдарына онлайн-конкурс жариялайды.
| Кафедра | Ғылыми дәрежесі бар кафедра меңгерушісі | Ғылыми дәрежесі бар профессор | АЭжБУ доценті ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе академиялық атағы бар қауымдастырылған профессор (доцент) | Аға оқытушы | Оқытушы |
| Электр техникасы | дәрежесі PhD | ||||
| Электр машиналары және электр жетегі | дәрежесі PhD | ||||
| Электр энергетикалық жүйелер | V | дәрежесі PhD | |||
| Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері | V | дәрежесі PhD | V | ||
| Тіл білімдері (ағылшын тілі) | V | V | V | ||
| Тіл білімдері (орыс тілі) | V | дәрежесі PhD | V | ||
| Тіл білімдері (қазақ тілі) | дәрежесі PhD | ||||
| Жылу энергетикалық қондырғылар | V | дәрежесі PhD | V | ||
| Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі | V | дәрежесі PhD | V | ||
| Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік | дәрежесі PhD | V | |||
| Электроника және робототехника | V | V | V | V | |
| Ғарыштық инженерия | V | V | V | V | |
| Телекоммуникация және инновациялық технологиялар | V | V | V | V | |
| Әлеуметтік пәндер | V | V | |||
| IT-инжиниринг | V | V | V | V | |
| Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік | V | V | V | ||
| Математика және математикалық үлгілеу | V | V | V | ||
| Автоматтандыру және басқару | V | дәрежесі PhD | V | ||
| 2021 жылдың 01 ақпанынан бастап оқытушылардың жоспарланған орташа жалақысы (АЭжБУ рейтингі А-санаты бойынша), теңге | 390000 | 360000 | 340000 | 300000 | 260000 |
| 2021 жылдың 01 ақпанынан бастап оқытушылардың жоспарланған орташа жалақысы (АЭжБУ рейтингі В-санаты бойынша), теңге | 300000 | 280000 | 250000 | 210000 | 170000 |
|
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар АЭжБУ электрондық платформасы арқылы өтініш пен құжаттарды онлайн (сканерленген немесе суретке түсіріп анық) тапсырады: https://kkk.aues.kz 2021 жылғы 22 қаңтар, сағат 10:00-ге дейін. Ғылым кандидаты және/немесе докторы ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін диссертация авторефератының шифры мен қорғау мамандығының атауы көрсетілген бірінші және екінші беттерінің сканерін (фотосуретін) қоса беру міндетті. Құжаттардың түпнұсқалары келісім-шартты ресімдеу кезінде конкурстан өткеннен кейін ұсынылады. Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау еркін түрде бас тарту үшін негіз болып табылады. |
|||||