1 наурызда Kaspi Lab-та оқу басталады!


04.02.2021 Все объявления


1 наурызда Kaspi Lab-та оқу басталады!

Kaspi Lab – бұл тегін жаңа білім алуға және керемет мансап бастауға берілетін мүмкіндік!

Үздік бітірушілерге Қазақстанның ірі инновациялық компаниясы – Kaspi.kz-ке жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.

Биыл оқу үш бағыт бойынша өтеді:

-Data Science

Талдау негіздерін, жіктеуші, болжаушы және скоринг-үлгілерді құрастыруды, Data Mining және науқандарды басқаруды үйренесіздер.

-Java әзірлеу

Мобильді қосымшалар мен ойындар, ғылыми әзірлемелер мен мобильді телефондар үшін пайдаланылатын әмбебап Java тілін меңгересіздер. Java тілінде Қазақстандағы ең үздік e-commerce – Kaspi Магазин жазылған.

-.Net әзірлеу

Бағдарламашының ең жақсы көмекшісі – StackOverflow жазылған үлкен көпкомпонентті .Net жүйесін меңгересіздер. Қазақстанда .Net көмегімен Kaspi.kz on-line bank және Kaspi.kz экожүйесіндегі басқа да көптеген пайдалы өнімдер жасалған.

https://lab.kaspi.kz сайтында тіркелуге болады.

Қабылдау 14 ақпанға дейін жалғасады.