«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ әскери кафедрасы запастағы офицерлер (ұлдар мен қыздарды) мен запастағы сержанттарды (ұлдарды) дайындау бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді қабылдайды


17.02.2021 Все объявления


«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ әскери кафедрасы запастағы офицерлер (ұлдар мен қыздарды) мен запастағы сержанттарды (ұлдарды) дайындау бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді қабылдайды    

2021 жылғы 15 ақпаннан бастап әскери кафедраға Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, 24 жастан аспаған және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ (АЭжБУ) 1 және 2-курс ұлдары (студенттері) және 1-курс қыздары (студенттері) қабылданады.

Алматы қаласында тұратын студенттер үшін ақпарат пен қажетті бланкілерді алу үшін келесі мекенжайға келу қажет: Алматы қаласы, Абай көшесі 52\Г, тел. 244-51-05, («Байзақ» бизнес орталығы),1-қабат. Жұмыс уақыты: 10.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Өзіңізбен бірге жеке куәлік, тіркеу куәлігі немесе әскери билет болуы тиіс (ұлдар үшін).

Алматы қаласынан тыс орналасқан студенттер үшін құжаттарды қашықтықтан тапсыру мүмкіндігі ұсынылған. Ол үшін Сізге «ХАТУ» АҚ www.iitu.kz ресми сайтына кіріп,   «БАРЛЫҚ ОҚИҒАЛАР» бөлімінде берілген нұсқаулықпен танысу керек.

Әскери кафедраны және ЖОО-ны бітіргеннен кейін  «запастағы лейтенант» немесе «запастағы сержант» әскери атағы беріледі

Өтініштерді қабылдау 2021 жылдың 10 мамырына дейін.