«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті»-нде PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Жалмагамбетова Ултуар Каирбулатовнаның диссертация қорғауы болады


15.02.2021 Все объявления


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ 6D071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Ултуар Каирбулатовна Жалмагамбетованың «Оқшауланған ауылды әртүрлі энергия түрлерімен қамтамасыз ету технологиясы (қолайлы бағамен)» тақырыбында докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертация «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Рецензиялаушылар:

Калкаман Айтбаевич Сулейменов – техника ғылымдарының докторы, Нұр-Сұлтан қ., Назарбаев Университеті «Таза көмір технологиясы» зертханасының меңгерушісі.  

Михаил Григорьевич Жумагулов – PhD докторы, Нұр-Сұлтан қ., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жылу энергетикасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.  

Ғылыми кеңесшілер:

Бирлесбек Каниевич Алияров – техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан, Алматы қ., «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының профессоры.

Александр Романович Богомолов – техника ғылымдарының докторы, «Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті» Федералды Мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі «Жылу энергетикасы» кафедрасының меңгерушісі.

Қорғау 2021 жылғы 17 наурызда сағат 16:00-де 8D071 «Инженерия және инженерлік іс» («Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы») және 8D062 «Телекоммуникациялар» (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) бағыттары бойынша «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ жанындағы диссертациялық кеңесте келесі мекенжай бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 126/1, А-ғимараты, №213 Ғылыми кеңестің мәжіліс залы.

Сайт сілтемесі: www.aues.edu.kz  

 

 

ENERGO UNIVERSITY