Әлеуметтік пәндер кафедрасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған республикамыздың жоғары оқу орындарының студенттері арасында студенттік шығармаларға конкурс жариялайды


23.02.2021 Все объявления


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Әлеуметтік пәндер кафедрасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған республикамыздың жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында»  атты  тақырыптағы студенттік шығармаларға конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты:

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Конкурсқа ұсынылатын шығармаларда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ата-бабаларымыздың ерлігі мен тылдағы еңбегі және оған қатысты мемлекетіміздегі ұлт пен ұлыстарды бейбітшілік пен келісімге шақыратын студенттердің ой-толғамы, өткір ойлары, өнегелі өмір туралы (эссе, зерттеу жұмысы, өлеңдер т.б.) мәселелер көрініс табуы керек.

Жұмыс қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, компьютерде (Times New Roman форматында, 14 шрифтпен) терілген болуы тиіс. Жұмыстар қорытындысы бойынша жинақ шығару жоспарланған.

Конкурсты өткізу тәртібі:

Ұсынылатын шығармалар «конкурсқа қатысу үшін» белгісімен 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін АЭжБУ, Әлеуметтік пәндер кафедрасы Д ғимараты, 108 каб. бойынша және s. эл. поштасы арқылы қабылданады.

Жеңімпаздар Конкурстық комиссия шешімі бойынша анықталады.

Конкурс нәтижелері 5 мамыр күні анықталып, үздік жұмыстар жинаққа енеді.