КАСТИНГ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!


26.02.2021 Все объявления


КАСТИНГ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!

СТУДЕНТТЕР НАЗАРЫНА:

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР

Сіздердің араларыңыздан Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде өнерлі жастардан құрылған «Хан-Тәңірі» домбырашылар ансамблінің құрамына домбыра аспабында ойнап, ән салатын және күй тартатын студенттерді шақырамыз.

«Хан-Тәңірі» домбырашылар ансамблі 2019 жылы құрылған болатын. Қазіргі таңда ансамбль құрамында 14 домбырашы бар. Біздің мақсатымыз жоғары оқу қабырғасында оқумен қатар, ұлттық музыкалық өнеріміз домбыра аспабын меңгеру, шығармашылығымызды шыңдай жүріп, әр-түрлі деңгейде ұйымдастырылған мерекелік кештердің жоғарғы деңгейде өтуіне университет атынан үлесімізді қосу болып табылады.

Кастингке қатысуға келіңіздер. Наурыздың 10 және 17 күндері өтетін болады. Байланыс телефоны: 87075450594

Құрметпен ансамбль жетекшісі  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, дәстүрлі әнші-күйші Бауыржан Күмісбек.

ENERGO UNIVERSITY