Оқытушылар құрамының, докторанттар мен магистранттардың назарына!


12.02.2020 Все объявления


АЭжБУ кітапханасы 2020 жылдың 22-24 қаңтарынан бастап Web of Science тегін вебинарлар сериясынан өтуге шақырады,онда Web of Science платформасын және журналдарды таңдау мен мақалаларды жариялау үшін ілеспе құралдарды пайдалануда қолданушыларды қолдау бойынша мәселелер қарастырылады.

Тіркелу және вебинарға қатысу үшін Медиатекаға (А-125) жолығыңыз .

Кесте, қаңтар 2020 ж.

тиімді ғылыми қызмет және оны талдау үшін Web of Science Group ресурстары

 Ғылым өлшемі (наукометрия): не, не үшін, кім үшін

Ғылыми өлшемнің мақсаттары, міндеттері, мүмкіндіктері. Талданатын деректер және олардың шектеулері. Негізгі көрсеткіштер: импакт-фактор, h-index, CNCI және т. б. Дұрыс және дұрыс емес қолдану, бұрмалау мен мифтер, себептері мен салдары. Ашық қол жеткізу. Ел, ұйым және ғалым үшін наукометрия мүмкіндіктері. Авторлық бейіндер (Publons, Orcid) және ұйымның бейіні: мүмкіндіктер, құру, түзету. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар.

– 22 қаңтар, сәрсенбі 10:00 – 11:30 (мск) –б.ғ.к. Ирина Тихонкова жүргізеді

– 23 қаңтар, бейсенбі 14:00 – 15:30 (мск) –б.ғ.к. Ирина Тихонкова жүргізеді

Ғалым және журналға арналған Web of Science платформасының  мүмкіндіктері

Web of Science платформасында ғылыми әдебиетті іздеу және талдау. Маңызды жұмыстарды, ғалымдарды, ұйымдарды, журналдарды анықтау, гранттық қолдауды талдау. Зерттеу тақырыбын бағалау, серіктестерді іздеу, нәтижелерді сақтау. Web of Science платформасына арналған материалдардың құрылымы, мазмұны және іріктеу. Web of Science Core Collection және Russian Science Citation Index базаларының ерекшеліктері. Web of Science Core collection-да журналдарды іріктеу/шығару белгілері  мен тәртіптері.

Ғылыми Электронды кітапханадан шақырылған спикер Павел Геннадьевич Арефьев eLIBRARY.RU және Clarivate Analytics серіктестігі туралы;  Kazakh Science Citation Index үшін контент, мүмкіндіктер және журналдарды іріктеу рәсімі туралы айтады. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар.

– – 23 қаңтар, бейсенбі 10:00-11:30 (мск) – б.ғ.к. Ирина Тихонова және Ғылыми электрондық кітапхананың аналитикалық бөлімінің жетекшісі Павел Геннадьевич Арефьев өткізеді

– – 24 қаңтар, жұма 14:00-15:30 (мск) – б.ғ.к. Ирина Тихонова және Ғылыми электрондық кітапхананың аналитикалық бөлімінің жетекшісі Павел Геннадьевич Арефьев өткізеді

Ғалымның жарияланым стратегиясы

Жарияланымның мақсаты мен міндеттері. Құжаттардың түрлері және олардың функциялары. Ғылыми басылымдар сапасының критерийлері. Басылымның Бизнес-үлгілері. Жарияланым үрдісі. Басылымды бағалау және таңдау, қайда және қалай тегін жариялауға болады. Жариялау мерзімі. Тәжірибелік мақаланың құрылымы. Қолжазбаны журнал (EndNote) форматы бойынша рәсімдеу. Рецензиялау. Неге мақалалар қабылданбайды? Ғылыми коммуникацияда неге жол берілмейді? Жарияланымды тарату. Web of Science Core Collection басылымын индекстеуді тексеру. Бонус: жыртқыш басылымдар туралы, олардың құрбаны болмау үшін не істеу керек. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар.

– 24 қаңтар, жұма 10:00 – 11:30 (мск) – б.ғ.к. Ирина Тихонкова жүргізеді

– 22 қаңтар, сәрсенбі 14:00 – 15:30 (мск) – б.ғ.к. Ирина Тихонкова жүргізеді

ENERGO UNIVERSITY