Ресейлік «Спутник-V» вакцинасымен COVID-19-ға қарсы вакциналаудан өтуді қалайтын Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дың барлық оқытушылары мен қызметкерлерінің назарына!


16.03.2021 Все объявления


Ресейлік «Спутник-V»  вакцинасымен COVID-19-ға қарсы вакциналаудан өтуді қалайтын  АЭжБУ-дың барлық оқытушылары мен қызметкерлерінің назарына! 

Алматы қ. ҚДСБ «Қалалық студенттік емхана» ШЖҚ КМК әкімшілігі эпидемиологиялық қолайсыз кезеңде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жүргізеді.

КВИ жұқтыру қаупі жоғары адамдар вакцинациялауға жатады.

27.01.2021 ж. № 01-1-2314 «Қазақстан Республикасында халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жүргізу» әдістемелік ұсынымдарына сәйкес бұл тізімге педагогтар кіреді.

Ресейлік «Спутник-V»  вакцинасымен COVID-19-ға қарсы вакциналаудан өтуді қалайтын Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дың барлық оқытушылары мен қызметкерлері Зумрат Тохтахуновна Алиметоваға келесі жеке мәліметтерді  (электрондық пошта мекенжайы  e.baratova@aues.kz) ұсынуы қажет: 

-Аты-жөні;

-ЖСН;

- Мекенжайы (тіркелген жері бойынша);

-Нақты тұратын мекен-жайы;

- Ұялы телефон нөмірі; 

Қандай емханаға бекітілгеніңізге қарамастан, студенттік емханада COVID-19 вакциналауын ала аласыз.