«Facing the Future» атты республикалық конкурс өткізу туралы хабарландыру


12.02.2020 Все объявления


Тілдер кафедрасы 2020 жылдың 26 ақпанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ 45-жылдығына орай  «Facing the Future» республикалық конкурсын өткізеді

Конкурстың мақсатыстуденттердің ағылшын тілін тереңдетіп үйреніп, кәсіби, ғылыми, қоғамдық және әлеуметтік-қоғамдық салаларда ауызша және жазбаша қарым-қатынас тілі ретінде пайдалануға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ағылшын тілін  жоғары деңгейде білетін студенттерді қолдау.   

Конкурстың өткізілу уақыты 14.00-тен  18.00-ге дейін.

Конкурс бағдарламасы

-Командалардың өздерін таныстыруы (Сәлемдесу, командамен таныстыру, жоолары туралы ақпарат т.б.) – 5 мин.

-Зияткерлік ойын (Елтаным, белгілі тұлғалар, музыка, әдебиет).

-Stand up конкурсы (It’s great to be a student) – 3-5 минут.

-Капитандар конкурсы.

-Stem (Емтихан алдында) – 5-7 мин.

Конкурстың шарттары

-Конкурста Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттер командалары қатыса алады. Команда құрамы техникалық мамандықтарда оқитын 1-3 курс студенттерінен 3 адамнан тұрады.

-Конкурстың жұмыс тілі ағылшын тілі

-Конкурсқа қатысуға өтінім 2020 жылдың 23 ақпанына дейін келесі мекенжайларға жіберіледі: Қазақстан, г. Алматы, ул. Байтұрсынұлы, 126/1, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ, тілдер кафедрасы және/немесе 

l.sergeeva@aues.kz электрондық поштасы.

Конкурс туралы қосымша ақпаратты 8 707 810 98 17 телефоны бойынша алуға болады

-Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады

-Аймақтық командалардың конкурсқа қатысуға байланысты шығындары (жол, тамақ, тұру ақылары) іссапарға жіберуші тараптың есебінен төленеді.

 

ENERGO UNIVERSITY