Бакалавриаттың 2 және 3-курс студенттері үшін 2021/2022 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бойынша Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университетіне оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау жарияланады


26.04.2021 Все объявления


БІЛІМ АЛУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

Бакалавриаттың 2 және 3-курс студенттері үшін 2021/2022 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бойынша Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университетіне (Ресей, Санкт-Петербург қ.) оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау жарияланады. Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті Ресейде академиялық ұтқырлық бойынша семестр оқығысы келетін студенттерге 4 орын ұсынады.
Құжаттарды тапсыру алдында академиялық алмасу шеңберінде ҰПСПУ-да оқу туралы, сондай-ақ ҰПСПУ пәндерімен толық ақпаратпен келесі сілтеме бойынша танысуыңызды сұраймыз.
Конкурсқа қатысу үшін 2021 жылғы 15 мамырға дейін  өзі туралы ақпаратты және қажетті сканерленген құжаттарды ХЫАҰД жетекші маманының электрондық поштасына жіберу қажет: d.iskakova@aues.kz . 15 мамырдан кейін алынған құжаттарды Конкурстық комиссия қарамайды.

  1. Өзі туралы ақпарат: аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, телефон нөмірі және эл.поштасы.
  2. Сканерленген құжаттар: төлқұжатының бірінші беті, транскрипт, 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне АЭжБУ және ҰПСПУ пәндерімен екіжақты жеке оқу жоспары.

ҰПСПУ үйлестірушісі қосымша құжаттарды сұрата алады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- Үлгерімнің жоғары деңгейі (GPA 3.0 және одан жоғары);

- Орыс тілін меңгерудің жоғары деңгейі.

Шарттары:

- Авиа ұшу, студенттік жатақханада тұру, сақтандыру және барлық шығындар студент есебінен;

- Оқыту тегін.