Бакалавриаттың 2 және 3-курс студенттері үшін 2021/2022 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бойынша Лодзь техникалық университетіне (Лодзь қ., Польша) оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау жарияланады


04.05.2021 Все объявления


БІЛІМ АЛУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

Бакалавриаттың 2 және 3-курс студенттері үшін 2021/2022 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бойынша Лодзь техникалық университетіне (Лодзь қ., Польша) оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау жарияланады. Лодзь техникалық университетінде академиялық ұтқырлық аясында оқу онлайн форматта өтеді.

Құжаттарды тапсыру алдында ЛТУ пәндері бойынша толық ақпаратпен келесі сілтеме бойынша танысуыңызды сұраймыз - https://www.ife.p.lodz.pl/    
Конкурсқа қатысу үшін 2021 жылғы 17 мамырға дейін  өзі туралы ақпаратты және қажетті сканерленген құжаттарды ХЫАҰД жетекші маманының электрондық поштасына жіберу қажет: d.iskakova@aues.kz . 17 мамырдан кейін алынған құжаттарды Конкурстық комиссия қарамайды.

  1. Өзі туралы ақпарат: аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, телефон нөмірі және эл.поштасы.
  2. Сканерленген құжаттар: төлқұжатының бірінші беті, транскрипт, 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне АЭжБУ және ЛТУ пәндерімен екіжақты жеке оқу жоспары, ағылшын тілін білу туралы сертификат.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- Үлгерімнің жоғары деңгейі (GPA 3.0 және одан жоғары);

- Ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі.

Шарттары:

- Оқыту тегін;

- Онлайн форматта оқыту.