11.05.2021 Все объявления
Жас, әрі таланттысың ба?
Сенің жоғары білім туралы дипломың бар немесе дипломыңды жақында аласың ба?
Атом саласында дамығың және елдің ең үздік компанияларының бірінде мансап құрғың келеді ме?
Онда жас мамандарды дамытуға арналған IZBASAR бағдарламасы дәл саған арналған.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2019, 2020 және 2021 жылдардағы ЖОО түлектерін бағдарламаға қатысуға шақырады.
Егер аналитикалық қабілетің, дамуға деген ұмтылысың болса және тез үйреніп, командамен жұмыс істеуге дайын болсаң, http://izbasar.kazatomprom.kz/ сайтына кір де, 2021 жылдың 12 сәуірі мен 17 мамыры аралығында дейін өтінім бер.
IZBASAR бағдарламасының көмегімен уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға жұмысқа орналасып, мансаптық дағдыларыңды дамыта аласың.
Сені не күтеді: оқыту, компания басшыларының қатарынан құралған тәлімгерлермен жұмыс, қызықты жобалар және ақысы төленетін тағылымдама.
Біздің командаға қосыл да, армандаған жұмысыңа орналас.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен бірге табысқа жет.