2021 жылғы 01 шілдеден бастап АЭжБУ кафедра меңгерушісі лауазымына конкурс жариялайды


10.06.2021 Все объявления


2021 жылғы 01 шілдеден бастап АЭжБУ кафедра меңгерушісі лауазымына келесі талаптармен конкурс жариялайды:

PhD докторы дәрежесінің немесе ғылым кандидаты/немесе докторы ғылыми дәрежесінің болуы (міндетті түрде), ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы (міндетті түрде), қаржыландырылатын ғылыми жобаларға қатысуы (мүмкіндігінше), Pre-Intermediate деңгейінен төмен емес ағылшын тілін білуі (мүмкіндігінше).

Кафедра Кафедра меңгерушісі
Электр техникасы V
Электр машиналары және электр жетегі V
Электр энергетикалық жүйелер V
Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері V
Тіл білімдері (ағылшын, орыс, қазақ тілдері) V
Жылу энергетикалық қондырғылар V
Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі V
Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік V
Электроника және робототехника V
Ғарыштық инженерия V
Телекоммуникация және инновациялық технологиялар V
Әлеуметтік пәндер V
Математика және математикалық үлгілеу V
Автоматтандыру және басқару V
2021 жылдың 01 қыркүйегінен бастап жоспарланған ең төменгі жалақы (теңге) 500 000

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар https://kkk.aues.kz АЭжБУ электрондық платформасы арқылы өтініш пен құжаттарды онлайн (сканерленген немесе суретке анық түсіріп) тапсырады: 2021 жылғы 28 маусым, сағат 10:00-ге дейін.

Ғылым кандидаты және/немесе докторы ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін диссертация авторефератының шифры мен қорғау мамандығының атауы көрсетілген бірінші және екінші беттерінің сканерін (фотосуретін) қоса беру міндетті.

Құжаттардың түпнұсқалары келісім-шартты ресімдеу кезінде конкурстан өткеннен кейін ұсынылады.

АЭжБУ электрондық платформасына құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурсқа қатысуға тіркеуден бас тарту немесе ұсынбау үшін негіз болып табылады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қызметкерлерді басқару бөліміне жүгінуге болады: А-232, тел.: +7 727 323 1175 (ішкі: 6111, 6112), ұялы: 8 707 600 64 87.