12.02.2020 Все объявления
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаменті (ХЫАҰД – А 222) 1 және 2-курс (болашақ 2020-2021 оқу жылының 2-3 курсы) бакалавриат студенттерін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ бюджет қаражаты есебінен шетелде оқу конкурсына қатысуға шақырады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
– жоғары деңгейлі үлгерімі
– Ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі (В2 төмен емес).
Шарттары:
Конкурстық іріктеуден өткен студентке республикалық бюджет қаражатынан төмендегілер төленеді:
– “Эконом” сыныбы бойынша екі жаққа ұшу жолы
– Студенттік жатақханада тұру
– Виза
– Медициналық сақтандыру
Білім алушылардың жеке қаражаты есебінен тамақтану, өзге де тұрмыстық және көлік шығындары шығуы мүмкін.
Үміткерлер ХЫАҰД – ға келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
-ҚР азаматы паспортының көшірмесі
-ЖОО мөрімен расталған ағымдағы үлгерімі туралы Транскрипт
-ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат
(үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
– шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйесі арқылы алынған Сертификат (бар болған жағдайда);
– Шетелдік ЖОО-ның ағылшын тілі деңгейімен студентті қабылдауға келісімі туралы хат;
– Қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (кемі В2 деңгейі)
-ҚР-нан шығу кезінде 18 жасқа жетпеген жағдайда, үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;
-студенттің көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
-студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер үшін);
-студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде төмендегілер басымдыққа ие болады:
-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 082/е нысан бойынша медициналық анықтаманы ұсынған, тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында медициналық қорытындыға сәйкес оқуға болмайтын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
-көп балалы отбасынан шыққан балалар;
-шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыртуы бар үміткерлер.
Құжаттарды өткізудің соңғы мерзімі – 12.02.2020 ж. дейін
Барлық сұрақтар бойынша А-222 хабарласыңыз