12.02.2020 Все объявления
2020 жылдың 17-18 сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институты Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 45-жылдығына арналған “Ғылым, білім және бизнестегі цифрлық жүйелер мен киберқауіпсіздік» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты инновациялық ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар, басқару жүйелері және киберқауіпсіздіктің қазіргі күйі, даму перспективаларын талдау; ғылым, білім және бизнесті интеграциялау жолдарын анықтау, оқу орындарында АКТ-саласының мамандарын даярлау сапасын жақсарту болып табылады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
-Ғылым мен бизнестегі инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
-Мемлекет, қоғам және жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігінің жағдайы мен болашағы.
-Іргелі ғылым мен білімнің заманауи мәселелері (математика, информатика, механика, физика).
-XXI ғасырдағы басқару жүйелері.
-Цифрландыру жағдайындағы қазіргі лингвистика және тілдік білім берудің қарқыны мен болашағы.
Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан және Португалия, Корея, Германия, Франция, Польша, Түркия шетел ЖОО-да АКТ – мамандарын дайындауды жүзеге асыратын оқу орындарының ректорлары, проректорлары, факультет (институт) декандары (директорлары), сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік АКТ-компаниялары қатысады.