2022 жылғы 5 қаңтардан бастап АЭжБУ Қашықтықтан оқытуға қойылатын талаптарды ескере отырып, білімі АЭжБУ-да оқытылатын пәндер бейініне сәйкес келетін оқытушылар лауазымдарына конкурс жариялайды


05.01.2022 Все объявления


2022 жылғы 5 қаңтардан бастап АЭжБУ Қашықтықтан оқытуға қойылатын талаптарды ескере отырып, білімі АЭжБУ-да оқытылатын пәндер бейініне сәйкес келетін оқытушылар лауазымдарына конкурс жариялайды

Кафедра Кафедра меңгерушісі Профессор ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар профессор/ немесе АЭжБУ профессоры академиялық атағы бар профессор Доцент ғылыми атағымен/немесе АЭжБУ доценті академиялық атағымен қауымдастырылған профессор (доцент) Аға оқытушы (ғылыми дәрежесінің болғаны дұрыс) Оқытушы
электротехника   V   V  
электр машиналары мен электр жетектері       V  
электр энергетикалық жүйелер     V V V
электрмен жабдықтау және жаңартылатын энергия көздері     V V V
тіл білімдері (ағылшын немесе орыс немесе қазақ тілдері)       V V
жылу энергетикалық қондырғылары       V V
инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі     V V V
инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік   V V V  
электроника және робототехника   V   V V
ғарыштық инженерия   V V V V
телекоммуникациялар және инновациялық технологиялар     V V V
әлеуметтік пәндер    V V V V
IT-инжиниринг V   V V  
ақпараттық жүйелер мен киберқауіпсіздік V   V V V
математика және математикалық модельдеу     V V V
автоматтандыру және басқару       V  
2022 жылдың 01 ақпанынан бастап оқытушылардың жоспарланған ең төменгі жалақысы 500 000 теңге 400 000 теңге 260 000 теңге 230 000 теңге 200 000 теңге

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар АЭжБУ электрондық платформасы арқылы өтініш пен құжаттарды 2022 жылғы 20 қаңтар, сағат 24:00-ге дейін онлайн (сканерленген немесе суретке түсіріп анық) тапсырады: https://kkk.aues.kz.

Ғылым кандидаты және/немесе докторы ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін диссертация авторефератының шифры мен қорғау мамандығының атауы көрсетілген бірінші және екінші беттерінің сканерін (фотосуретін) қоса беру міндетті.

Құжаттардың түпнұсқалары келісім-шартты ресімдеу кезінде конкурстан өткеннен кейін ұсынылады.

АЭжБУ электрондық платформасына құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурсқа қатысуға тіркеуден бас тарту үшін негіз болып табылады немесе ұсыным берілмейді.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қызметкерлерді басқару бөліміне жүгінуге болады:

А-232 бөлме, тел.: +7 727 323 1175 (ішкі 6111, 6112), ұялы 8 707 600 64 87.

 

ENERGO UNIVERSITY