Конкурссыз түлектерге арналған мемлекеттік қызметтегі бос орын!


18.10.2024 Все объявления


Мемлекеттік қызметті дамыту Тұжырымдамасына сәйкес АЭжБУ түлектері оқу бітіргеннен кейін бір жыл ішінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз жұмысқа орналаса алады.


Талаптары:
1) Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды аяқтау
2) GPA орташа баллы 3.33-тен кем емес


Лауазымдары:
1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың әкімі мен мәслихаты аппараттарының (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) төменгі лауазымы;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданының және облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшысы емес лауазымы;
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданының және облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшысы емес лауазымы;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы емес лауазымы;
5) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) басшылық етпейтін лауазымы.


Мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін соңғы курс түлектері мен студенттері Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде тегін білім алып, таңдалған мемлекеттік органдарға тағылымдамадан өтуге жолдама ала алады.


Алматы облысының аумағында мемлекеттік қызметте мансап жоспарлаған студенттер мен түлектерден келесі сілтеме бойынша байланыс деректерін толтыруды сұраймыз
https://forms.gle/8zxvqQ9Gdw8Wtdbb9
 
Құрметпен,
Мансап және кәсіптік бағдар беру орталығының басшысы
Е.А. Талжанов
 
А201, career@aues.kz

ENERGO UNIVERSITY