Тіл білімдері кафедрасы Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай “Мен сізге жазамын…” атты каллиграфия байқауын жариялайды Барлық талантты адамдар əртүрлі жазады, барлық дарынсыздардың ойы да, жазуы да егіз қозыдай ұқсас. Илья Ильф, жазушы


23.09.2019 Все объявления


Құрметті бірінші курс студенттері!

Бірінші курс декадасы аясында АЭжБУ тіл білімдері кафедрасы Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай “Мен сізге жазамын…” атты каллиграфия байқауын жариялайды. Каллиграфия – адамзатқа ежелгі заманнан белгілі əдемілеп жазу өнері. Грек тілінен аударғанда каллиграфия “əдемі жазу”дегенді білдіреді. Каллиграфия дəстүрінің көне іздерін Азия мен Еуропа тарихының терең қойнауларынан көруге болады,. Ежелгі Русте көшіруш-каллиграфтар қоғамның зор құрметіне ие болған. Шығыста каллиграфия өнерге теңестірілді, ал каллиграфиялық жазумен жазылған мəтін жоғары көркем құндылыққа ие болып, ғасырлар бойы сақталған. Біз студенттерімізге көне каллиграфия дəстүрлеріне мəн беруді жəне біздің байқауға қатысуды ұсынамыз! Байқауға қатысу үшін төмендегі жұмыстар орындалуы қажет.

I тур

1. Қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жазылған көркем шығармадан 100-120 сөз көлеміндегі мəтінді (үзінді) таңдап алу. Мүмкіндігінше 2019 жылы мерейтойы болатын жазушылар мен ақындарға (Абай Құнанбайұлы, Ілияс Жансүгіров, Сəкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Əбіш Кекілбаев, Қалдарбек Найманбаев, Фариза Оңғарсынова, Сəбит Дөнентаев, Даниил Гранин, П. Бажов, И. А. Крылов, Ю. Олеша, Ф. Искандер, М. Жванецкий, Ю. Бондарев, Н.В. Гоголь, Д. Сэлинджер, Э. А., Р. Бернс, С. Моэм жəне т. б.) басымдық беру қажет. Мəтін тізімін оқытушылар ұсынады.

2. Таңдалған мəтінді көк түсті қаламмен А4 форматындағы ақ қағазға жазу (кітап форматында). Парақтың оң жақ төменгі бұрышында тегін жəне атын, тобын, ұялы телефон нөмірін көрсету керек. 3. Жұмысты тапсыру. Егер жұмыс ағылшын тілінде болса – ағылшын тілінің оқытушысына, егер қазақ тілінде болса – қазақ тілінің оқытушысына, тиісінше орыс тіліндегі жұмыс – орыс тілінің оқытушысына тапсырылады.

II тур

1. Үздік жұмыстар 24-27 қыркүйекте каллиграфия байқауының арнайы көрмесіне қою үшін қазылар алқасына ұсынылады.

2. I турда ұсынылған жұмыстар көрмеге қою үшін өңделеді. Мəтіндер каллиграфиялық жазумен қатар, қызықты дизайнерлік безендірілуі де тиіс. Түрлі түсті қаламдар, су белгілері бар, А4 форматты алтын немесе күміс түсті, қағаз қолдануға болады. Мəтінді суретпен бірге беруге де болады. Оң жақ төменгі бұрышында қатысушының тегі, аты, тобы жəне ұялы телефон нөмірі көрсетіледі. Жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тіліндегі жұмыстарды қабылдаған оқытушыларға тапсыру қажет. Каллиграфия байқауының қазылар алқасы үш номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтайды: “Қазақ тіліндегі үздік жұмыс”, “ағылшын тіліндегі үздік жұмыс”, “орыс тіліндегі үздік жұмыс”.

Байқау нəтижелері 30 қыркүйекте АЭжБУ ресми сайтында жарияланады. Жеңімпаздар АЭжБУ əкімшілігінің бағалы сыйлықтармен марапатталады.

ENERGO UNIVERSITY