Ақылы негізде оқитын студенттердің назарына!


17.09.2019 Все объявления


«АЭжБУ» коммерциялық емес АҚ 2019/2020 оқу жылына «АЭжБУ» коммерциялық емес АҚ Тұңғыш ректоры Ғ.Ж. Даукеев атындағы атаулы білім гранты мен атаулы шәкіртақысын тағайындау туралы конкурс жариялайды.

Өткізілетін конкурс туралы ережемен сайтта танысуға болады.

Конкурсқа қатысқысы келетін студент өз институтының директорына келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

– тобы, байланыс үшін ұялы телефон нөмірі және e-mail көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші, ұсынылған құжаттар тізімі;

– өтінішпен бірге студенттік топ эдвайзері берген мінездеме; АЭжБУ оқу кезеңіндегі жетістіктерін растайтын құжаттар, әлеуметтік мәртебесі.

Өтініштер 2019 жылғы 27 қыркүйекке дейін қабылданады.

ENERGO UNIVERSITY