Құжаттарды тапсыру

Докторантураға түсуге арналған құжаттар

Оқуға түсу үшін сіз қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  • Докторантураға өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен бастап 9 тамызына дейін жүргізіледі.
  • Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 14 тамызынан 20-на дейін өткізіледі.
  • Докторантураға қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі
  • Диплом, оның қосымшасы (түпнұсқа);
  • 3x4 фотосурет - 6 дана;
  • Жеке куәлік - 3 дана (көшірме);
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ және еңбек қызметін растайтын құжат;
  • Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда);
  • ақылы негізде оқуға түсетіндер үшін шарттың жасалуы мен шығындардың төленуіне кепілдік беретін хат;
  • Шетел тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификат (түпнұсқа).

 

 

Докторантураға түсу емтиханы:
1) эссе жазудан;
2) докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен;
3) білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.
Қорытынды баға эссе, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелерінің қосындысынан тұрады.

Тест түрлері

Балл

Эссе

20

Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

30

Білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан сұрақтары

50

Барлығы

100