Электр энергетика және электр техника институты (ЭЭИ) 2017 жылы 2 қазанда құрылған. Ол электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және сату саласында мамандар дайындайды. Біздің зертханалар әлемдік жетекші компаниялардың заманауи электротехникалық жабдықтарымен және зертханалық стендтермен жабдықталған. Инновациялық технологияларды енгізу үшін кафедралар Мәскеу энергетикалық институтымен, Таллин технологиялық университетімен, басқа да ТМД ғылыми-зерттеу институттарымен және шетелдік серіктестермен тығыз байланыста. Студенттер ҚР жетекші энергетикалық, мұнай, құрылыс және өнеркәсіптік кәсіпорындарында практикадан өтеді. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін түлектер осы кәсіпорындарда жұмысқа орналасады немесе магистратура мен РһD докторантурасында білімін жалғастыра алады. ЭЭИ студенттерін ғылыми жобаларға, сондай-ақ әр түрлі спорттық секциялар мен көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысумен қатар, мазмұнды студенттік өмір күтеді.
Табысты болашақты құру үшін сізді Электр энергетика және электр техника институтында күтеміз!
Байланыс ақпараты
Телефоны: 292-08-08, іш. нөмірі: 3004
E-mail: ieeiet@aues.kz
Ғ.Дәукеев атындағы "Алматы энергетика және байланыс университеті" КеАҚ "Электр энергетика және электр техника институтының" тарихы 1960 жылдан басталады. Қазақ политехникалық институтында құрылған "Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрлендіру"кафедрасының негізінде 1961 жылы "Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау" және "Жылу электр станциялары" жаңа бітіртуші кафедралары ашылды. 1975 жылы "Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау" мен "Жылу электр станциялары" кафедралары негізінде Алматы энергетикалық институты құрылып, онда Электр энергетикасы факультеті өз жұмысын бастады. АЭжБУ Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша 2017 жылдың 02 қазанынан бастап Электр энергетика факультеті "Электр энергетика және электр техника" институты болып қайта құрылды.
Институт кафедраларының зертханалары Siemens (Германия), ABB (Швейцария), Schneider Electric (Франция), SATEC (Израиль), Legrand (Франция), "Овен" ЖШС (РФ), Alageum Electric (Қазақстан), Парма (РФ) компанияларының заманауи электротехникалық жабдықтарымен және зертханалық стендтерімен жабдықталған.
Институт келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдайды және дайындайды:
Электр энергетикасы Электр энергетикадағы энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін Smart технологиялармен басқару және интеграциялау Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету Агроөнеркәсіптік объектілерді электрмен жабдықтаудың гибридті жүйелері Электр энергетикалық жүйелер Жаңартылатын энергетиканың заманауи және инновациялық технологиялары ГидроэнергетикаМамандарды дайындау келесі кафедралар негізінде жүргізіледі:
Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері Электр энергетикалық жүйелер Электр машиналары және электр жетегі Электр техникасы "Электр энергетикасы және электр техника" институты 40 жыл ішінде Электр энергетикасы бағыты бойынша 9000-нан астам жоғары білікті мамандарды дайындап шығарды. Институт түлектері жүйе құраушы ірі компанияларда жұмыс істейді және басшылық қызмет атқарады:
"Самұрық-Энерго" АҚ, "KEGOC" АҚ, "Alageum Electric" компаниясы, "ZHERSU" корпорациясы, "Қазтрансойл" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Теңізшевройл" ЖШС, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, "ҚТЖ" ҰК АҚ, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ, "АлЭС" АҚ, "Кентау трансформатор зауыты" АҚ, "Алматы электромеханикалық зауыты" ЖШС, "Казэлектромонтаж" АҚ, "Алматыэлектротранс" ЖШС, "Шнейдер Электрик" ЖШС, "Алматы Электрик" ЖШС Siemens"," АВВ " компаниясы, сондай-ақ аймақтық энергетикалық кәсіпорындар.
Оқу процесінің сапасын арттыру, сондай-ақ "Электр энергетикасы және электротехника" институты кафедрасының инновациялық технологияларын енгізу мақсатында келесі шетелдік әріптестермен тығыз қарым-қатынас жасайды: Мәскеу энергетикалық институты (РФ, Мәскеу қ.), Таллин технологиялық университеті (Эстония, Таллин қ.), Siemens (Германия), ABB (Швейцария), ELPROS (Словения), Legrand (Франция), Томск политехникалық университеті (РФ), "Жоғары кернеулі тұрақты токты беру жөніндегі ғылыми-зерттеу институты" (Санкт-Петербург қ.), "Ұлттық зерттеу технологиялары және байланыс институты" (РФ, Мәскеу қ.).
Кафедра қызметкерлері институт студенттерімен, магистранттарымен және докторанттарымен бірлесіп, келесі ғылыми жұмыстарды орындады (төменде соңғы 5 жылдағы ең маңызды ҒЗЖ келтірілген):
♦ "Орнықтылықты қамтамасыз ету үшін басқару алгоритмдерін әзірлеумен Қазақстан ҰЭЖ 220-500-1150 кВ ЭБЖ өткізу қабілетін автоматты басқару тиімділігін зерттеу" (1,2 кезең). Тапсырыс беруші - KEGOC АҚ;
♦ "Атырау-Жарық" АҚ Қалалық электр тарату желілеріндегі реактивті қуатты өтеу" (1,2,3 кезеңдер). Тапсырыс беруші - "Атырау-Жарық" АҚ;
♦ "Атырау ЖЭО" АҚ жапсарлас желісінде және генерациялайтын қуаттар балансының өзгеруін ескере отырып, қысқа тұйықталу токтарын және статикалық орнықтылық режимдерін есептеу". Тапсырыс беруші - "Атырау ЖЭО" АҚ;
♦ "Алматы қаласы мен Алматы облысы "АЖК" АҚ 0,4 кВ желілеріндегі электр энергиясының шығынын өлшеу бойынша тәжірибелік зерттеу". Тапсырыс беруші - "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ.