«CISCO» академиясы

MICROSOFT Kaspersky ORACLE D-Link DAUkey

IT-инжиниринг кафедрасының базасында CISCO желілік технологиялар жөніндегі өңірлік академия жұмыс істейді. Зертхана Cisco компаниясының заманауи желілік жабдықтарымен жабдықталған. Cisco Systems компаниясы - Интернет технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы, Cisco Желілік Академиясының бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама оқу мен жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктері есебінен студенттердің экономикалық мәртебесін және олардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған. Cisco Желілік Академиясының бағдарламасы Ақпараттық Интернет ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді және онлайн тестілеу мен үлгерімді тексеру құралдарын, практикалық зертханалық сабақтарды, оқытушыларға консультациялар мен қолдау көрсетуді қамтиды, сондай-ақ студенттерді халықаралық үлгідегі сертификаттарды алуға дайындайды.

Зертханада "Компьютерлік желілер", "Компьютерлік желілер мен жүйелердің қауіпсіздігі", "Маршруттау мен коммутацияның заманауи әдістері" және т. б. оқу пәндері бойынша сабақтар жүргізіледі.