«ORACLE» академиясы

MICROSOFT Kaspersky CISCO D-Link DAUkey

Зертхана ORACLE компаниясының заманауи бағдарламалық жасақтамасымен жабдықталған. "ORACLE ACADEMY" академиялық бастамасы - бұл Oracle корпорациясы әзірлеген ақпаратты сақтау, өңдеу және басқару технологиялары, сондай-ақ кәсіпорындарға арналған түрлі бизнес-қосымшаларды қамтитын алдыңғы қатарлы IT-технологияларды студенттерге оқытуға арналған оқу бағдарламалары, материалдар мен ресурстар жиынтығы. Advanced Computer Science and Business - бағдарламасы АКТ ЖОО-ларға, факультеттер мен жоғары оқу орындарының мамандықтарына бағытталған. Зертханада оқу процесінде студенттер Oracle ДҚБЖ жобалау, басқару және бағдарламалау бойынша білім алады.