Құжаттарды тапсыру

Өтінімдерді қабылдау 15 маусымнан 15 шілде аралығында

Түсе емтихандары 1-15 тамыз аралығында

Тіркеу 28 тамызға дейін

Магистратураға түсу үшін құжаттар

Оқуға түсу үшін сіз қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

 Магистратураға түсуші тұлғалар:

1) Ректордың атына еркін түрде өтінішті;

2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

5) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6,0), IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор) шекті балл – кемінде 6,0, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи)  шекті балл – кемінде 543, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 60), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 498,  Deutsche Sprachpruеfung fuеrden Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/деңгейC1), TestDaF–Prufung (Niveauc1/C1 деңгейі), Test de Franзais International ™ (TFI-оқу және тыңдау секциялары бойынша В1деңгейінен төмен емес), Diplome d' Etudes en Langue Franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF  – кемінде 50 балл) (болған жағдайда) (бар болған жағдайда);

6) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

7) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

Осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Конкурстық негізде білім беру гранты бойынша оқуға кешенді тестілеуден ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады: ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – 75 балдан кем емес