1.Білім беру бағдарламасының қысқаша сипаттамасы:
Инновациялық технологияларды қолдана отырып, электр энергетикалық жүйелерінің электр жабдықтарын жобалау, пайдалану және жөндеу жұмыстары бойынша жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және еңбек нарығында сұранысқа ие электр энергиясын өндіру, беру және тарату бойынша мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі 2 жыл) және бейіндік (оқу мерзімі 1,5 жыл) бағыттары бойынша ғылым мен техника саласындағы магистрлерді дайындауға бағытталған.
2. Халықаралық қарым-қатынастар
2008 жылдан бастап Мәскеу энергетикалық институтымен (MЭИ) келісім бойынша АЭжБУ студенттері үшін екі дипломды білім беру жүзеге асырыла бастады. Кадир Хас Университеті (Стамбул / Түркия), ҰҒЗ Томск политехникалық университеті, Таллин политехникалық университеті (Таллин, Эстония), Петр I атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті (Санкт-Петербург), Берлин техникалық университеті, Дрезден технологиялық университеті, Штутгарт университеті және т.б. жоғарғы оқу орындарымен магистранттар мен докторанттарға арналған шетелдік тағылымдамалар жүзеге асырылуда.
3. Зерттеулер мен жобалар:
1. Қазақстандағы энергетика саласын технологиялық жаңарту және инновациялық дамыту. 2018-2020 жылдарға арналған Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты;
2. Smart Grid жүйелеріндегі электр режимдерін жоспарлау мен басқаруды оңтайландыру. 2020-2022 жылдарға арналған Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты;
3. 04.02.2021 ж. № 01-21-D-99 келісімшарт бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы
4. Атырау облысында «KEGOC» АҚ электр жабдықтары оқшауламасының ластану көздерін анықтау бойынша зерттеу жұмыстары.
4. Білім беру жүйесінің ғылыми қызметіне 6-дан аса ғылым докторлары, 70 оқытушылар (оның ішінде 20-дан астам ғылым кандидаттары мен PhD докторлары) қатысады.