1.Білім беру бағдарламасының қысқаша сипаттамасы:
Білім беру бағдарламасы электр энергиясын өндіру, жеткізу және тарату бойынша жоғары білікті және бәсекеге қабілетті, теориялық және практикалық білімі бар, студенттер үшін ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға, өз бетімен жұмыс істеуге қабілетті мамандарды даярлауға, қоғамның прогрессивті ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі 2 жыл) және бейіндік (оқу мерзімі 1,5 жыл) бағыттары бойынша ғылым мен техника саласындағы магистрлерді дайындауға бағытталған.
2.Халықаралық қарым-қатынастар
2008 жылдан бастап АЭжБУ студенттеріне арналған қос дипломды білім беруді ҰҒЗ Мәскеу энергетикалық институтымен бастады. Кадир Хас Университеті (Стамбул / Түркия), ҰҒЗ Томск политехникалық университеті, Ресейдің бірінші Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университеті, Таллин политехникалық университеті (Таллин, Эстония), Петр I атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті (Санкт-Петербург), Берлин техникалық университеті, Дрезден техникалық университеті, Штутгарт университеті және т.б. әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындарында магистранттар мен докторанттарға арналған шетелдік тағылымдамалар жүргізілуде.
3.Зерттеулер мен жобалар:
1. Қазақстандағы энергетика саласын технологиялық жаңарту және инновациялық дамыту. 2018-2020 жылдарға арналған Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты;
2. Smart Grid жүйелеріндегі электр режимдерін жоспарлау мен басқаруды оңтайландыру. 2020-2022 жылдарға арналған Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты;
3. 04.02.2021 ж. № 01-21-D-99 келісімшарт бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы.
4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жоғары дәлдікті электр жетектері, микропроцессорлық басқару жүйелері, қуатты түрлендіретін қондырғылар, электр қуатын үнемдеу саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі.
4. Білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық қызметіне 6-дан астам ғылым докторлары, 70 оқытушылар (оның ішінде 20-дан астам ғылым кандидаттары мен PhD докторлары) қатысады.