Білім беру бағдарламасының түрі |
Қолданыстағы БББ |
Білім беру бағдарламасының тобы |
D099 Энергетика және электр техникасы |
Білім беру бағдарламасының атауы |
8D07101 Электроэнергетикасы |
№ , күні, айы және жылы көрсетілген білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензия |
2020 жылғы 05 мамырдағы KZ80LAA00018161 |
ҰБК деңгейі |
Докторантура, 8 деңгей |
Білім беру бағдарламасын аккредиттеу |
“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ 05.04.2024 бастап 04.04.2029 дейін |
Түсу кезінде өту балы |
75 |
Оқыту ұзақтыңы: - жоғары білімнен кейін |
3 жыл |
Диплом алудың міндетті шарты |
Кемінде 180 кредитті (ECTS) игеру қажет |
Оқыту тілі |
Қазақша / орысша |
Оқуы жылы |
2 семестр (әр семестрде 15 апта) |
Берілетін дәреже |
Философия докторы (PhD) |
Академиялық ұтқырлық |
Бар |
Оқыту нәтижелері |
ON-1 Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу. Қабылданған шешімдерің нұсқаларын негіздеу, талдау және тұжырымдау. Автоматтандыру мен басқару жүйесін дамытуда ғылыми зерттеулер мен жүйелік талдау әдістерін қолдану; ON-2 Заманауй компьютерлік қосымшаларды қолдану арқылы трансформаторларды, электр қозғалтқыштарын, электр жетектерін және автоматты басқару жүйелерін модельдеу әдістерін, объектілерді математикалық сипаттауды және оны модельдеу процесінде қолдануды, модельдеу нәтижелерін өңдеудің статистикалық әдістерін және модельдеу процесін объектіні сипаттаудан бастап математикалық модель құруға және эксперимент жүргізуге талдау жасау; ON-3 Жел турбинасының компоненттерін математикалық модельдеу саласындағы терең кәсіби білімдерін көрсету. Математикалық модельдеу 1мүмкіндіктерін, математикалық модельдердің жіктелуін және олардың қолданылуы туралы идеялардын көрсете білу. Математикалық модель қандай негізгі сапалы сұрақтарға жауап бере алатынына жауапбере білу. Жел энергетикасындағы мәселелерді шешуде декомпозиция, абстракциялаудың практикалық дағдыларын дамыту; ON-4 Қысқа мерзімде экспедициялық өлшеулерден деректерді эталондық станцияның деректеріне жеткізу техникасын меңгеру. Ұсынылған жел турбинасын орнату орнында бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәжірибесін жинау. Гидроэнергетикалық ресурстарды және судың ағынын бақылаудың өлшеу жүйесін есептеу әдісін игеру; Гидроэнергетикалық ресурстарды және судың ағынын бақылаудың өлшеу жүйесін есептеу әдісін игеру; ON-5 Қазақстанның заңнамасындағы Дүниежүзілік деңгейде энергетикалық тиімділігінің алғы шарттары мен энергия үнемдеудің алғы шарттары, электр желілерін зерттеу әдістері, энергия тиімділігі бойынша техникалық шешімдер, таратушы электр желілері мен электр энергиясын тұтынушылар үшін электр энергиясының сапасы мәселелері, электрмен жабдықтау сенімділігіне қойылатын негізгі талаптар және оны арттыру әдістері, энергияны тұтыну режимдерін реттеу мәселелерін, Ғаламдық масштабтағы энергетикалық тиімділіктің және энергия үнемдеудің алғышарттарын, электр желілерін зерттеу әдістемесін, энергия тиімділігі бойынша техникалық шешімдерді игеру; ON-6 Күштік электроника элементтерінің негізгі түрлерін және тұрақты токтан айнымалы токқа, айнымалы токтан тұрақты токқа түрлендіргіш құрылғылардың, жиілікті түрлендіргіштерді және т.б. зерттеу; ON-7 Жоғары вольтты электр желілерінің компенсацияланатын және басқарылатын (икемді) электр желілерінің құрылысы, жұмыс істеу қағидаларын және олардың кернеу мен реактивті қуаттың таралуына әсері, ұзын жиекті теңдеулерін және оның толқындық сипаттамаларын игеру; ON-8 Электр энергиясын жоғары кернеудегі үлкен қашықтыққа беру теориясын меңгеру. Электр берілісінің қазіргі заманғы желілерінің типтері мен жіктелуі. Тіректер, сымдар және асқын кернеуден қорғау конструкциясының параметрлері мен ерекшеліктері. Өткізу қабілеті туралы түсінік. Өткізу қабілетін бағалау критерийлері және оған қазіргі желілерінің конструкциясының әсері. Негізгі конструкциялық параметрлер және механикалық есептеу негіздері. ON-9 Статикалық компенсациялық құрылғылардың қасиеттері мен сипаттамаларын, оларды есептеу және параметрлерді таңдау әдістерін зерттеу. Статикалық тиристорлық компенсаторлар. Асинхронды компенсаторлардың сұлбалары және жұмыс істеу принципі. Бойлық компенсацияның басқарылмайтын құрылғылары. Бойлық компенсацияның басқарылатын құрылғылары. "Біріккен реттеуіштің" көмегімен электр беру желісінің активті және реактивті қуатын кешенді реттеу. ON-10 Масштабтардың өсуімен және технологиялық процестердің күрделенуімен, жекелеген агрегаттар мен қондырғылардың бірлі-жарым қуатының ұлғаюымен, қарқынды, жоғары жылдамдықты режимдерді қолданумен, өнім сапасына, персоналдың қауіпсіздігіне, жабдықтың және қоршаған ортаның сақталуына қойылатын талаптардың артуымен сипатталатын қазіргі заманғы өнеркәсіптік өндіріс туралы терең білімді көрсету. ON-11 Электржетектің объектілі-бағытталған жүйелерін құру нұсқаларын және орталықтан тепкіш жүктеменің ерекшеліктерін талдау, энергия шығынын азайтуға мүмкіндік беретін электржетектің объектілі-бағытталған жүйелерін құру және параметрлерді есептеу әдістерін, статикалық және динамикалық сипаттамаларды, әр түрлі мақсаттағы автоматтандырылған электржетектің элементтерін таңдау. |
Электр энергетика және электртехника институтының доктарантурасының оқу бағдарламасымен оқыған бітіруші - ол өндірістік қызмет саласындағы, электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және тұтыну, сондай-ақ ұйымдық және басқарушылық қызмет саласындағы, білім саласындағы ғылыми, педагогикалық және кәсіптік қызмет жасай алатын білікті маман. Бітіруші ғылыми зерттеу жұмыстарымен және ғылыми-техникалық жобаларымен өздік жұмыс жасауға дайын болып шығады.
«Электр энергетика» оқу бағдарламасына 6D071800 – Электр энергетикасы бағыты енген.
Доктарантураның «ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ» оқу бағдарламасы
«Электр энергетикасы» оқу бағдарламасы бойынша бітірушіге «PhD докторы» ғылыми дәреже беріледі.
Бағыттық пәндер:электр энергетиканың ғылыми-техникалық мәселелері.
Оқыту тілдері: орысша.
Білім бағдарламасы шеңберіндегі оқыту бағыты:
- Релелік қорғаныс және электрмен жабдықтау;
- Электр тораптары мен жүйелері;
- Технологиялық кешендердің электр жетегі және автоматтандырылуы;
- Қайта жаңғыртылатын энергия көздері.
Кәсіби қызмет көрсету салалары – өндірістегі жұмыс жағдайларын жақсарту үшін, электр энергиясын өндіру, бөлу және тұтыну, сонымен қатар эксплуатационды көрсеткіштері жоғары, бәсекеге мықты электр жетек жүйелерін зерттейтін, адамзат қызметінің амалдары мен әдістері, технологиялар жиынтығы кіретін, ғылым және техника облысы болып табылады.
Кәсіби қызметтің міндеттері
- ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдана отырып, жұмыстарды орындау;
- эксперименттік зерттеулер жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу;
- технологиялық үдерістер мен бұйымдардың параметрлерін сынаудың жаңа әдістері мен техникалық құралдарын әзірлеу.
- эксперименттік зерттеу әдістемелерін әзірлеу;
- электр энергетикалық жабдықтарды әзірлеу;
- электр энергетикасы объектілері жұмысының оңтайлы өндірістік-технологиялық режимдерін анықтау.
Кәсіби қызмет көрсету обьектілері
Электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және тұтыну кәсіпорындары, жобалау және ғылыми – зерттеу ұйымдары.
Кәсіби қызмет көрсету салалары:
-Электр механикалық жүйелерді математикалық үлгілеу;
- Жел электрқондырғыларының элементтерін математикалық үлгілеу;
- Жаңартылатын энергия көздерін бағалау және болжау әдістері;
-Қазақстандағы энергия үнемдеудің заманауи мәселелері мен перспективалы технологиялары;
- Заманауи басқарылатын электр энергетикасынң түрлендіргіштері;
- Технологиялық процестердің автоматтандырылуы;
- Қазіргі заманғы энергияны үнемдейтін электр жетектер;
- Мұнай айдайтын станциялардағы электр жетектердің энего тиімділігін арттырудың амалдары;
- Өте жоғары кернеулі басқарылатын, икемді және компенсациялы желілер;
- Өте жоғары кернеулі желілердің құрылысы, параметрлері және өтімділік қабілеттіліктері;
- Айнымалы ток электрөткізгіш желілердің стаикалық компенсациялаушы құрылғылары.
Материалды –техникалық базасы:
- ғылыми-зерттеу зертханалары: «Отын-энергетикалық кешеннің ақауларын зерттеу», «Зияткерлік электр энергетикалық жүйелер», «Жаңартылатын және баламалы энергия көздері» және «Электр энергетикасындағы күштік және жартылай өткізгіштік техникалар».
-электр станциялары, электр желілері мен жүйелері, электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғау, электрмен жабдықтау, электр аппараттары, электр машиналары, түрлендіру техникасы және электротехникалық материалдар бойынша оқу-зерттеу зертханалары;
- жоғары вольтты жабдықтың жай-күйін сынау және бағалау үшін «TUR» (Германия) фирмасының оқу-зертханалық стендтерінің кешені;
- зауыттық релелік қорғаныс тіректері; Siemens фирмаларының сандық релелік қорғанысы; Siemens; АВВ, ЭКРА, Schneider electrik.
- арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен компьютерлік-телевизиялық аудиториялар және компьютерлік зертханалық сыныптар;
- АВВ, Таврида Электрик, Schneider elektrik, Moeller, Siemens фирмаларында 1000-ға дейін және одан жоғары коммутациялық жабдық.
Біз неге үйретеміз?
- жаңа компьютерлік технологиялардың көмегімен заманауй қондырғыларда ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесіне;
- зерттелетін объектілерді математикалық компьютерлік модельдеу әдістері;
- шаруашылық қызметінің түрлі салаларына жаңа жетістіктер енгізу туралы қажетті білім алуды, бірінші кезекте ғылыми-техникалық процесті жеделдетуге ықпал ететін жабдықтарды және технологиялық процестерді жобалау, басқаруды;
- энергия ресурстарын тиімдеу және энергияны үнемдеу слаласында білім алу докторанттарда ресурс үнемдеудің экономикалық құқықтық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерін кешенді қабылдауды дамытуға;
- электр станциялары мен қосалқы станциялардың, электр жүйелері мен желілерінің, электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғау мен автоматтандырудың, кәсіпорындарды электрмен жабдықтаудың, дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздерінің, электромеханиканың, электр оқшаулау және кабель техникасының, электр технологиялық қондырғылар мен жүйелердің, жарық техникасы мен жарық көздерінің, электр жетегінің және технологиялық кешендерді автоматтандырудың жобаларын әзірлеу;
- кәсіпорындардың шаруашылық және өзге де қызметіне сараптама және энергия аудитін жүргізудің ғылыми әдістемесіне;
- электр желілерін, жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды, энергиямен жабдықтауды және энергияны үнемдеуді техникалық, экономикалық және экологиялық талдауды жүргізуге.
Бітірушілер қайда жұмыс істей алады?
Біздің түлектер Қазақстанның ірі энергетикалық кәсіпорындарында басшылық лауазымдарда жұмыс істейді:
-«Самұрық-Энерго» АҚ;
- «KEGOC» АҚ;
- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;
- «Алматы электр станциялары» АҚ;
- «Alageum Electric» Компаниясы;
- «Кентау трансформатор зауыты» АҚ;
- «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС;
- «Қазэлектромонтаж» АҚ;
- «Алматыэлектротранс» ЖШС;
- «Шнейдер Электрик» ЖШС;
- «Siemens» ЖШС;
- «АВВ» компаниясы;
- Өңірлік энергетикалық кәсіпорындар және т. б